
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2017 жылдың 28 қыркүйек айында Ереван қаласында (Армения Республикасы) Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің Біріккен кеңесінің 24-ші отырысы өтті.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің делегациясын Комитет Төрағасы Ардақ Мырзабайұлы басқарды.
Кедендік құнды бақылаудың тиімділігі жөніндегі шаралар туралы, кеден ісі саласындағы жалпы үрдістерге қосылуды реттейтін, кездесуде кедендік қызметтердің Еуразиялық экономикалық одақтың Кеден кодексінің ережелерін және технологиялық құжаттарды ескере отырып, бағдарламалық құралдарды жетілдіру бойынша жұмыстарды үйлестіру мәселелері, шетелдік жүктерді тасымалдауға арналған шетелдік көлік құралдарын кедендік әкімшілендірудің құқық қолдану практикасын зерттеу нәтижелері, сондай-ақ кедендiк рәсiмдермен орналастыруға байланысты кедендiк операциялар туралы мәселелер талқылады.
Бірыңғай тәсілдерді әзірлеу үшін кедендік операцияларды жүргізуді оңтайландыру және кедендік бақылау жүргізу, кедендік рәсімдерді қолданудың біркелкілігі мен тиімділігі жөнінде бірқатар шешімдер қабылданды.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)