
Құрметті салық төлеушілер және
сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары!
Салықтық/кедендік тексерулерге шағымдарды қарастыру рәсімінің дербестігін ұлғайту мақсатында 2016 жылғы 30 қарашасынан № 26-VІ ҚР Заңымен Салықтық және Кедендік кодекстеріне 2017 жылғы 1 шілдесінен бастап салықтық/кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, камералды кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдарды қарастыру уәкілетті оран – Қаржы министрлігімен жүзеге асырылатыны көзделген түзетулер енгізілгенін хабарлаймыз. Бұл ретте, көрсетілген шағымдарды қарастыру мақсатында Қаржы министрлігі жанында Апелляциялық комиссия құрылады.
Аталған түзетулер 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.
Көрсетілген тәртіп салық төлеушімен (салық агентімен), және де сыртқы экономикалық қызмет қатысушысымен 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап ұсынылатын шағымдарға қатысты қолданатынын хабарлаймыз.
Осыған орай, салық төлеушілердің (салық агенттерінің), және де сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларының 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап салықтық/кедендік тексеру нәтижелері туралы хабарламаға, камералды кедендік тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаға шағымдары ҚР Қаржы министрлігіне ұсынылатынына назар аударамыз.