Жарияланған күні: 20.12.2017 19:37
Өзгертілген күні: 20.12.2017 19:38
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
 
2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Каржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті
 
2017 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Каржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында жеке құраммен Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын болып өтті. Салтанатты жиын Қазақстан Республикасының Гимімен басталып заң бөлімінің бас маманы Ермек Советқажыұлы Ктановтың «Қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы күрес кезеңдері» атты тақырыбындағы дәріспен және слайдтық сүйемелдеумен жалғасын тапты.
Дәріс барысында ол қазіргі таңда қоғамның тарих туралы санасын қайта өркендету жолында мақсатқа бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатқандығына тоқталып өтті. Еліміздің және халқымыздың тарихын білу арқылы өткен ғасырдың соңында қол жеткізген Тәуелсіздіктің аса құндылығын түсіне бастайсың. Қазақ халқының тарихы елдің тәуелсіздігі мен бостандығы жолындағы күрестің қай кезеңде болсын тоқтамағандығын көрсетеді.
Еліміздің тәуелсіздік жолындағы тарихын баяндай келе ол Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігін алу тарихына аса тоқталып өтті.
1991 жылғы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңын қабылдады. Еліміз заң жүзінде рәсімделген тәуелсіз және демократиялық мемлекет статусына ресми түрде иеленіп әлем бірлестіктерінің мойындауына ие болды.
2015 жылдың 23 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылдың 29 желтоқсанындағы № 152 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген мемлекеттік қызметшілер ант қабылдайды. Ант қабылдай отырып мемлекеттік қызметшілер өзіне жүктелген функционалдық міндеттерді адал атқаруға және Қазақстан Республикасының заңдарын қатаң сақтауға міндеттеледі.
Осы дәстүрге орай, мемлекеттік қызметке алғаш кірген Қазақстан Республикасы Каржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Оқу-әдістемелік орталығының аналитикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстары бөлімінің жетекші маманы Марат Дулатұлы Ташетов салтанатты түрде Қазақстан Республикасының мемлекеттік әкімшілік қызметшісінің антын қабылдады.
Сонымен қатар жиналыс барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі Тәуелсіздік күніне орай Оқу-әдістемелік орталығының қызметкерлері ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мен ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығының Құрмет грамотасы, алғыс хаттарымен марапатталды.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жиналыс ОӘО қызметкерлерінің орындауындағы «Атамекен» патриоттық әнімен аяқталды.
 
 
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз - қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)