Жарияланған күні: 15.12.2017 10:57
Өзгертілген күні: 15.12.2017 11:01

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

2017 жылғы 14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінде Комитет төрағасы Ардақ Мырзабайұлы Теңгебаевтің қатысуымен  Қазақстан Республикасының 16 желтоқсан мемлекеттік мерекесі  Тәуелсіздік Күніне арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт өтті.

Ұлт көшбасшысының салықтық ырықтандыру және кедендік әкімшілендіруді жүйелендіру бойынша, сондай-ақ экономикалық тергеудің сапасын арттыру саласындағы тапсырмаларын орындау үшін жүргізілген барлық бастамалар бизнеске қысымды төмендетудің және кірістерді әкімшілендірудің сапасын жақсартудың жаңа кешенді тәсіліндегі серпіліске айналды.

Осы жылы Президент өзінің Жолдауында Қазақстанның Үшінші жаңғыруын бастау туралы хабарлады. Жаңартудың екі маңызды процесін іске қосу тапсырмасы берілген болатын – саяси реформа және экономиканы жаңғырту. Мақсатымыз айқын – әлемнің дамыған мемлекеттерінің отыздығына кіру. Осы бөлікте Мемлекеттік кірістер комитеті салықтардың жиналуы бойынша жобаны іске асыруда, сондай-ақ Цифрлық Қазақстан мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде салықтық және кедендік әкімшілендіруді цифрлау жөніндегі маңызды іс-шара басталды.

Бүгінгі Ел тәуелсіздігінің 26 жылдығы қарсаңында Бюджетті лайықты толтыруға қабілетті және еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қорғауға тұратын Мемлекеттік кірістер комитетінің кәсіби кадрлық құрамы қалыптастырылды деп сеніммен айтуға болады.

Мемлекеттік кірістер комитетінің үздік қызметкерлері, мемлекеттік кірістер органының ардагерлері Құрмет грамотасымен, алғыс хаттармен марапатталды, ҚР ҚМ МКК Экономикалық тергеу қызметінің үздік қызметкерлеріне мерзімінен бұрын біліктілік шені берілді. Марапаттарды Комитет Төрағасы А.М. Теңгебаев табыс еті.

Ресми бөлімнен кейін, мемлекеттік кірістер органдарының орталық және аймақтық кеңселерінің күшімен дайындалған мерекелік концерт өткізілді.

«Қазақ елі» (Астана қ. бойынша МКД), «Отан Ана» (ТСТБД), халық әндері «Бүлдірген» (Қарағанды ​​облысы бойынша МКД), «Қазақ елі oсындай» (КБД және ЭББ) сияқты барлық патриоттық әндер шырқалды және Домбырамен  «Менің Елім» (Қарағанды ​​облысы бойынша МКД) және скрипкада «Арыс жағасында» (Қостанай облысы МКД) композициялары  мен «Балбырауын» биі орындалды. Соңғы  «Атамекен» әнін орындау кезінде (Маңғыстау облысының МКД)  зал ішінде отырғандар да қосылып ән айтты.    

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)