
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
2018 жылдың 8 ақпанында Мемлекеттік кірістер комитетінде «Жалпы қабылданған рухани – этникалық нормалары және мемлекеттік қызметкерлердің рухани-этикалық келбетінің негізгі талаптары, сонымен қатар олардың мінез-құлқының базалық стандарты» тақырыбындағы инструктивті дәріс өткізілді.
Дәрісте этикалық кодекс нормаларын сақтау талаптары бойынша, сонымен қатар мемлекеттік қызметкерлердің рухани-этикалық келбетінің талаптарын орындау мәселелері айтылды.
Негізгі этикалық талаптар туралы баяндамамен шыққандар:
Қаржы министрлігінің этика бойынша уәкілеті – Төлеген Жұмабекұлы Ташмағамбетов;
Мемлекеттік кірістер комитетінің этика бойынша уәкілеті – Қайрат Үргенішбайұлы Маубаев.
«Ішкі қауіпсіздік мәселелері» тақырыбында Ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы Қуаныш Жұмағалиұлы Ахметқалиев баяндама жасады.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)