
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қорытынды шығарылып, міндеттер айқындалды
2018 жылғы 2 ақпанда Ақтөбе облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде кеңейтілген кеңес өткізілді. Кеңесте Департаменттің 2017 жылы атқарған қызметі қорытындыланып, 2018 жылы орындалуы тиіс міндеттері айқындалды. Кеңейтілген кеңеске Ақтөбе облысы әкімі Сапарбаев Бердібек Машбекұлы қатысты және бірқатар мемлекеттік органдардың басшылары шақырылды.
Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеттерінің бірі – бюджеттің кіріс бөлігін атқару.
2017 жыл қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджет 107,3% орындалды, яғни жоспар 440,5 млрд.теңге болса нақты түсім 472,6 млрд.теңге. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда өсу қарқыны 137,4% немесе 128,7 млрд.теңге артық түскен.
Республикалық бюджет бойынша жоспар 100,9% орындалды. Өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 75,7 млрд.теңге артық түскен.
Жергілікті бюджет бойынша жоспар 103,2% орындалды, 3,1 млрд. теңге артығымен түскен немесе өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 4,4 млрд.теңгеге көп.
Кіріс бойынша жоспардың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында көлеңкелі айналымды қысқарту және қосымша резервті анықтау жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде облыс бюджетіне 47,8 млрд.теңге сомасында кірісте түсіп, оның ішінде:
- жүргізілген тексерулер нәтижесінде 23, 0 млрд.теңге Ұлттық қорға өндіріліп алынды.
- камералдық бақылау нәтижесінде – 16, 2 млрд.теңге
- салықтық тексерулер нәтижесінде – 0,54 млрд.теңге
- кедендік тексерулер бойынша -0,093 млрд.теңге.
- КҚТ өндірілді – 0,32 млрд.теңге
- аяқталған қылмыстық істер бойынша келтірілген залал (1-М) – 7, 6 млрд.теңге.
Ақтөбе облысы бойынша бересі 2018.01.01. күніне қарасты жағдай бойынша 11, 5 млрд.теңге, құраған, өткен жыл басымен салыстырғанда (01.01.2017) төмендегені байқалады 2, 1 млрд.теңге немесе 15,6 %.
Мемлекеттік кірістер органдарының негізгі міндеті – еліміздің бюджетін толтыру, қылмыстық іс-әрекет салдарынан мемлекетке келтірілген залалды өндіру және орын толтыру. Экономикалық тергеулер қызметімен 2017 жылы анықталған залалдың орнын толтыру бойынша барынша жұмыс атқарылып, нәтижесінде 7,6 млрд.тенге сомасында заладың орнын толтыру қамтамасыз етілді (келтірілген залал 8,0 млрд.теңге болатын), оның ішінде 1,1 млрд.тенге сомасында тыйым салынды, яғни орнын толтыру үлесі тыйым салуды есепке алғанда 95,1%. Аталған көрсеткіш бойынша 2016 жылмен салыстырғанда орнын толтыру үлесі 50% өскен.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)