
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі – МКК) келесіні хабарлайды.
2018 жылғы 2 қазанда сағат 21.00-ден бастап сағат 22.30-ге дейін аралығында регламенттік жұмыстар жүргізу үшін ҚР ҚМ МКК Интеграциялық шина ақпараттық жүйесі өшірілетін болады.
Осыған байланысты, жоғарыда көрсетілген кезеңде есептік нысандары беру бойынша (жеке шоттың көшірмесі, берешектің жоқ (бар) екендігi туралы мәлімет, дербес шотты қарау, артық (қате) төленген сомаларды есепке алуды және қайтаруды жүргізу) сервистер қолжеткіліксіз болады (онлайн берешек сервисінен басқа).