
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Дүнижүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) 1992 жылдан бері мүше мемлекеті болып табылады. 2004 жылғы 28 қыркүйегінде біздің Кинологиялық орталыққа ДКҰ Аймақтық кинологоиялық орталығы мәртебесі берілді.
Қазақстанның кедендік Кинологиялық қызметі ДКҰ құрамына кірген қызметтердің ағашқылардың бірі болып табылады.
2018 жылғы 26 қаңтарында Дүнижүзілік кеден ұйымының құрылған күніне 65 жыл және Дүниежүзілік кеденшілер күнін мерекелей бастағанына 35 жыл мерейлі күндеріне орайластырылып ДКҰ Аймақтық кинологиялық орталығының (Алматы қ.) базасында «Халықаралық кедендік бақылау жүйесіндегі заманауи техникалық құралдар мен қызметтік иттер» атты тақырыпта ақпаратты-ағартушылық дөңгелек үстелі өтті.
Шараға құрметті қонақтар ретінде ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті мен кеден қызметінің ардагерлері, АҚШ кеден қызметінің ардагері, «Кеден ісі» кітабы авторларының бірі, оқу реквизиттерінің әзірлеушісі мен авторы (Мәскеу қ.), ҚР БП жанындағы Құқық қорғау органдары Академиясының өкілі (Астана қ.), Алматы және Астана қалаларының ЖОО кеден факультетінің магистрлері мен ректораттары, Комитетттің шекара маңы құрылымдары мен (Алматы қаласы бойынша МКД, Алматы облысы бойынша МКД) ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметтерінің қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің ашылуы ДКҰ Бас хатшысы Кунио Микурия мырзаның бейне құттықтауынан басталды, ол Дөгелек үстелдің барлық қатысушыларын қошеметтеп, «Дүниежүзілік кеденшілер күнімен» құттықтады және қазіргі заманғы кезеңде кеден органдарының күнделікті қызметі барысында кинологиялық қызметтік өзектілігі ешқандай күмән тудырмайтынын атап өтті. Қызметтік иттер айналымы заңсыз тауарлармен (есірткі құралдары, жарылғыш заттар, қару, оқ-дәрі, ақша банкноттары) күрес кезінде кедендік бақылауды жүргізудің сенімді құралдарынының бірегейі болып табылады. Біз- FAMILY CUSTOMS.
Дөңгелек үстелдің өтуі кезінде «Кедендік бақылауды жүргізу кезінде қызметтік иттерді қолдану», «Кедендік бақылауды жүргізу кезінде заманауи техникалық құралдарды қолдану және жаңғырту», «ҚР кеден органдары Кинологиялық қызметінің дамуына ДКҰ-ның рөлі мен мәні: тарихи экскурс», «Кеден қызметі саласында қолданылатын дәстүрсіз криминалистиканың салалары жөнінде» және «Қазақстан Республикасы Елбасы Жолдауы мен «РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ» бағдарламасын мемлекеттік қызметте іске асыру жөніндегі өзекті тақырыптар талқыланды.
Жоғарыда аталған сұрақтарды талқылаудан бөлек қатысушылар Кинологиялық орталығының материалды-техникалық базасымен, кинологтарды қызметтік иттермен дайындауда басты бағыттар және олардың жұмысының нәтижелерімен танысты.
Аталған шара конструктивті ынтымақтастықтың тағы бір белесі болды және қатысушыларға ақпарат алмасуға және тәлімгерлерден тәжірибе алуға, кәсіптік шеберлікті шыңдауға әсер ететіні сөзсіз, сонымен бірге студенттер мен магистранттарға тәжірибедегі мамандармен сұхбаттасуға мүмкіндік берді.
Дөңгелек үстелдің қатысушыларымен ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметі қызметкерлерінің шеберлігі жоғары бағаланды, және «ҚР ҚМ МКК Кинологиялық қызметі Мемлекетіміздегі терроризм мен контрабандамен күресуде баға жетпес үлес қосатын қызметтердің бірі» болып табылады деп атап өтті.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)