Жарияланған күні: 23.06.2020 18:44
Өзгертілген күні: 23.06.2020 18:47

Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр ішіндегі мемлекеттік бюджетке салық түсімдері бойынша жоспар 101,7%, оның ішінде республикалық бюджет 93,8% және жергілікті бюджет 117,9% атқарылды.

Есепті кезеңде мемлекеттік бюджетке түсетін салық түсімдері өткен жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 9,7%-ға (немесе 356,4 млрд.теңгеге) төмендеумен 3 311,8 млрд. теңгені құрады. Оның ішінде республикалық бюджет бойынша 24,5%-ға (немесе 667,2 млрд.теңгеге) төмендеді, жергілікті бюджет бойынша 32,7%-ға(немесе 310,8 млрд. теңгеге) өсті.

Республикалық салықтар бөлігінде орындалмау ІТӨ-ге ҚҚС (13,9%-ға), 3-нші елдерден импортқа ҚҚС (0,9%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (3,2%-ға) бойынша байқалады.

Көрсетілген салықтар бойынша түсімдер өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда төмендеді: ІТӨ-ге ҚҚС (17,5%-ға), 3-нші елдерден импортқа ҚҚС (10,1%-ға), КТС (3,3%-ға) және ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС (2,5%-ға).

Төмендеудің себебі сыртқы және ішкі факторларға байланысты экономикалық ахуалдың нашарлауы болып табылады.

Жыл басынан бастап негізгі экспорттық позицияларға, оның ішінде мұнайға 2,1 есе, алюминийге 17,7%, қорғасынға 15,2%, мысқа 14,1%, мырышқа 12,9%, күміске 5,4% бағаның төмендеуі байқалады.

2020 жылғы қаңтар-мамырда үшінші елдермен тауар айналымы 5,8%-ға төмендеді (экспорт 3,9%-ға, импорт 10,6%-ға). Оның ішінде тауар айналымының 22,8%-ға ең көп төмендеуі ағымдағы жылғы мамырға келеді (экспорт 21,0%-ға, импорт 26,1%-ға).

Республика бойынша өткізу айналымы 5,6%-ға(34,6 трлн. теңгеден32,7 трлн. теңгеге дейін), оның ішінде 300 ірі салық төлеуші бойынша 23,7% төмендеді.

Көрсетілген кезеңде бір салық төлеушіге онлайн БКМ орташа түсімі 39,8%-ға төмендеді (23,0 млн.теңгеден 13,8 млн. теңгеге дейін).

Коронавирустың таралуы ҚХР-мен көлік құралдары санының 17,2%-ға, оның ішінде автокөлік құралдарының55,8%-ға төмендеуіне әкелді. Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр ішінде импорттың іс жүзіндегі көлемі 16%-ға төмендеді (760 мың тоннадан 543 мың тоннаға дейін) және төмендеу жалғасуда. Осымен, ағымдағы жылғы мамырда төмендеу 44,3% құрады.

Соның салдарынан, ҚХР-дан тауарлар импортынан кедендік баждар мен салықтардың түсімі 30,3%-ға немесе 10,6 млрд. теңгеге азайды.

Ағымдағы жылғы қаңтар-мамыр айларында жергілікті бюджетке түсетін салық түсімдері бойынша жоспар 117,9% орындалды, 191 млрд.теңгеге атық орындалды.

ЖБ-ға салық түсімдері1 260,2 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 32,7%-ға(немесе 310,8 млрд.теңгеге) өсті.

Жергілікті салықтар бөлігіндеартық орындау КТС (40,5%), ЖТС (24,4%) және әлеуметтік салық (15,7%) бойынша байқалады.

ЖБ жоспарының артық орындалуына КТС-ты жергілікті бюджеттерге беру және 2020 жылғы 1-тоқсанда орташа айлық жалақының 18,9%-ға өсуі әсер етті.