
Құрметті пайдаланушылар!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (бұдан әрі-МКК) мынаны хабарлайды.
2021 жылғы 30 қараша сағат 21.30 – ден бастап 2021 жылғы 1 желтоқсан сағат 02.30-ге дейінгі кезеңде МКК-нің «Кедендік және салықтық әкімшілендірудің автоматтандырылған жүйесінің интеграцияланған кеден құрауышы - АСТАНА-1» ақпараттық жүйесінің "Кеден органдарының шлюзі" интеграциялық компонентінде (бұдан әрі-КОШ) техникалық жұмыстар жүргізілетін болады.
Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген кезеңде КОШ арқылы интеграциялық өзара іс-қимыл қолжетімсіз болады.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.