
Мемлекеттік кірістер комитеті, ҚХР-да Көктемді мерекелеуге байланысты 2023 жылғы 21-23 қаңтарда қазақстан-қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктерді өткіу жүзеге асырылмайтындығын хабарлайды.
Қазақстан-қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және барлық шекараны кесіп өтуге ниет білдірушілерді енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз.