
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Блокчейн: Еуропалық Одақ тәжірибесі
28-29 қыркүйек аралығында Амстердам қаласында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қазақстандық делегациясы мен «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭФ IBM және Price Waterhouse Coopers өкілдерімен келесі сұрақтар бойынша кездесті:
- салықтық әкімшілендірудің цифрлық трансформациясындағы жаһандық үрдістер;
- салық жинауды, сондай-ақ Blockchain-ді .басқарудың тиімділігі мен сапасын арттыру мақсатында Қазақстанда ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін пайдалану.
Дания, Нидерланды, Польша салық әкімшілігінде Blockchain технологиясын енгізу бойынша тәжірибе, сондай-ақ Hyperledger-тің негізінде қаржы және мемлекеттік секторда, бөлшек сауда, сақтандыру және өндірістегі IBM жобалары ұсынылды.
Утрехт (Нидерланды) салық әкімшілігінің өкілдерімен кездесу өткізілді, онда қалалық муниципалитет азаматтарының жекелеген санаттарына төлейтін субсидиялардың орындалуына Blockchain технологиясын енгізу бойынша пилоттық жоба ұсынылды.
Қазақстанда ҚҚС әкімшілігінің қазіргі жағдайы және тиімді салықтық басқару жүйесін құруда жаңа технологиялық шешімдерді қолдану мәселелері талқыланды.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)