
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитеті
Баспасөз релизі
7 мыңнан астам азамат өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына мемлекеттік кірістер органдарының WhatsApp мессенджері арқылы жауап алды
Бүгінгі таңда мемлекеттік кірістер органдары WhatsApp мессенджері арқылы 7 мыңнан аса азаматтың сұрағына жауап берді.
Жеке тұлғаларды келесі тақырыптар қызықтыруда:
- мүлік салығын төлеу тәсілдері;
- жеке тұлғаларға тиесілі салық жеңілдіктері;
- дара кәсіпкерлікті ашу;
- арнаулы салық режимдері;
- салық декларацияларын тапсыру тәртібі мен мерзімдері;
- салық қарыздарын тексеру;
- көлік салығын есептеу.
Еске сала кетейік, 2018 жылдың 19 қарашасынан бастап ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жеке тұлғалардың жер, мүлік және көлік салықтары бойынша көкейтесті сұрақтарына жедел жауап беру үшін WhatsApp мессенджерін қосқан болатын.
Сұрақтарды 8-776-136-41-32 нөміріне жұмыс күндері (дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда) сағат 9-00-ден 18-30-ға дейін жолдауға болады.
WhatsApp мессенджеріне сондай-ақ аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттері мына нөмілер бойынша қосылған:
Астана қаласы - 8-702-601-37-97;
Алматы қаласы - 8-707-847-52-01;
Алматы облысы - 8-701-976-67-76;
Шымкент қаласы - 8-778-691-76-15;
Түркістан облысы - 8-771-898-92-55;
Қызылорда облысы - 8-708-440-94-58;
Батыс Қазақстан облысы - 8-700-086-60-01;
Ақмола облысы - 8-747-345-51-83;
Шығыс Қазақстан облысы - 8-701-602-73-44;
Солтүстік Қазақстан облысы - 8-707-363-64-08;
Қарағанды облысы - 8-771-194-01-04;
Жамбыл облысы - 8-708-455-71-61;
Павлодар облысы - 8-707-612-97-76;
Қостанай облысы - 8-747-467-02-09;
Атырау облысы - 8- 775-324-89-41;
Маңғыстау облысы - 8-775-356-23-16;
Ақтөбе облысы - 8-775-593-10-01;
Ақмола облысының Целиноград ауданы - 8-701-596-72-44.
Сонымен қатар, Tengrinews.kz сайтында (https://tengrinews.kz/opinion/833/) ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Төрағасы М.Е. Сұлтанғазиевпен интернет-конференция өткізіліп жатыр.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс д., 11)