Жарияланған күні: 31.05.2017 09:29
Өзгертілген күні: 31.05.2017 09:30

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ағымдағы жылдың 25-26 мамырында, Алматы қаласы Абай алаңында «Сәтті қадам» жобасының аясында Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен жалпықалалық бос орындар жәрмеңкесі өтті. Аталған шараға Кинологиялық орталығының бос орындарын толтыру және мемлекеттік кірістер органдарының Кинологиялық қызметінің абыройын көтеру мақсатында, Кинологиялық орталығының адам ресурстары бөлімі қатысты. 

Алғашқы жалпықалалық жәрмеңкеге 5 мыңнан астам жүмыс орындарын ұсынған 100 жұмыс беруші қатысты. Олардың арасында «LG Электроникс Алматы», «Кока-Кола Алматы Боттлерс», «НГСК КазСтройСервис», «Эйр Астана», «Алматытелеком», «Хуавей Текнолоджиз Казахстан», «Евразийский банк», «Альфа-Банк», «RBK Банк» «KaspiBank» сынды және басқада ірі компаниялар бар.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Алматыда 2017 жыл Жастар жылы деп жарияланды. Біз «Жастарға 2020 жылға дейін қолдау көрсетудің Жол картасын» жасадық. Құжатта жастар үшін жүзеге асатын кешенді шаралар жинақталған. Жол картасы жастар арасында кеңінен талқыланды, Қоғамдық кеңестің қолдауына ие болып, қала мәслихатында бекітілді. Жол картасының басты мақсаты- мегаполис жағдайында қаладағы әрбір жастың жеке тұлға ретінде қалыптасуына, жан- жақты дамуына барлық жағдайды жасау. Біз жастар ісіне бизнесті, оқу орындарын тарта отырып, жұмыспен қамтудың тиімді жүйесін құратын боламыз. Соныдқтан, биыл жұмыспен қамту саласын қаржыландыруды бес есе арттырып, 5 млрд. теңге бөлдік», - деп Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек атап өтті.

Жәрмеңке өту барысында Кинологиялық орталығымен Мемлекеттік кірістер органдары Кинологиялық қызметінің қызметтік-іздестіру иттерін «Есірткі құралдарын» және «Жарылғыш заттарды» іздеуге дайындау бойынша оқу фильмдері, ҚР ҚМ МКК Кинологиялық орталығының қызметі мен өмірінен сыр шертетін фотосуреттер көрсетілді, сонымен қатар жастар үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне тұру ережелері жөнінде танымды-түсіндірмелік әңгімелесулер өткізілді. 

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

 (Бейбітшілік 10)