
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2019 ж. 18 қыркүйек Нұр-Сұлтан қ.
АХУАЛ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРI 80 МИЛЛИОН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ЖӘНЕ КЕДЕН ТӨЛЕМДЕРІНЕН ҚОСА ЕСЕПТЕУ ЖАСАДЫ
ҚР ҚМ Жауапты хатшысының бұйрығымен құрылған МКК КӘД Ахуал орталығы, ЕАЭО қазақстандық кеден шекарасындағы аумақта орналасқан барлық өткізу пункттеріне мониторингті, сондай-ақ өткізу пункттерінде орналасқан уақытша сақтау қоймаларында жүргізілетін кедендік операцияларға бейнебақылауды жүзеге асырады.
Осылайша, Орталықтың қызметi өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларға бақылауды және нақты iске асырылу уақытына мониторинг жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
ИТК-нің суреттерiне а.ж. сәуірінен бастап қыркүйек айы аралығында жүргізілген талдау шеңберiнде Ахуал орталығының қызметкерлерi 46,5 мыңнан астам ИТК-нің суреттерiне талдау жүргізді, олардың 633 суреттері бойынша «ИТК күдiкті» деп мөртабан қою ұсынылды.
Анықталған 633 күдiктілерден:
- жете тексеру қорытындылары бойынша 288 бұзушылық анықталды;
- салық және кеден төлемдеріне 79,5 млн.теңге қоса есептелінді;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы 43 іс қозғалды;
- әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы істер бойынша салынған айыппұлдардың сомасы – 1,5 млн. теңгені құрады.
Кедендік жете тексеру жүргізу бойынша 650 бейнематериалдарды қарау нәтижесінде «Кедендік жете тексеру және қарап тексеру қағидаларын бекіту туралы» ҚР МФ 2018 жылғы 14 ақпандағы № 188 бұйрықты 339 бұзушылықтар анықталған, олар бойынша 33 уәкілетті лауазымды тұлғалар жауапкершiлiкке тартылған.
Мәселен, а.ж. 27 тамызда Ахуал орталығы ИТК суреттерін талдаудың қорытындысы бойынша қашықтықтан мониторингтеу шеңберінде ЖШС-ның бірінің тауарға ілеспе құжаттарында көрсетілген мәліметтермен тауарларды сканерлеу нәтижелерінде алшақтықты анықтады. Тауарлар Алматы облысы бойынша МКД «Нұр-Жолы» өткізу пункті арқылы Қазақстанға ҚХР-дан жүк автомашинасымен өткізілген. Тауарға ілеспе құжаттарына сәйкес автомашинада тауардың 61 атауы болған: жану қозғалтқыштарының бөлшектері, автомобильдің қ/б, жасанды гүлдер, фурнитуралар және т.б. Тауарлардың фактуралық құны 84 598 АҚШ долларын құрады. Ахуал орталығы қызметкеріндегі ИТК рентген-суреттерін талдау кезінде салық көп салынатын тауарлар көлемінің төмендеуі күдік тудырды. Орталық МКД-ға автокөлік құралынан тауарларды толық түсіріп кедендік жете тексеруді жүргізу үшін ЕАЭО және ҚР кеден заңнамаларының бұзылуына күдік бойынша Мәліметтерді жолдады, қорытындысы бойынша ҚХР декларацияланбаған халық тұтынатын тауарлар белгілі болды, алдын ала есеп бойынша төленуі тиіс кедендік төлемдер мен салықтар 4 млн.теңгеден аса соманы құрады.
2019 жылғы 10 қыркүйекте «МАН», ВОЛЬВО», «МЕРСЕДЕС», «ДАФ» маркалы 5 автомашинамен, еркін айналымға шығару рәсімімен транзиттік декларация бойынша ресімделген ауыл шаруашылығы өнімдері Өзбекстан Республикасынан Қазақстан Республикасына әкелінген. Ахуал орталығы қызметкерінің ИТК рентген-суреттерін талдау кезінде тауарлардың сәйкес келмеу күдігі туындады. Жоғарыда көрсетілген автомашиналар бойынша кедендік жете тексеру тағайындалды, нәтижесінде 612 мың теңгеден аса кедендік төлемдер мен салықтар қоса есептелді.
2019 жылғы 6 қыркүйекте «Алтынкөл» кеден бекетінің «Қалжат» өткізу пунктінде Ахуал орталығының қызметкерлері ИТК суреттеріне талдау қорытындысы бойынша қашықтықтан мониторинг және жүргізілген кедендік жете тексеру шеңберінде декларацияланбаған тауарларды, оның ішінде әрбіреуінің нарықтық құны 34 мың АҚШ долл. асатын жете тексеруге арналған «BERG 6040» маркалы 3 рентген аппаратын анықтады, анықталған тауарларға сараптама тағайындалды, кедендік құнды және төленбеген кедендік төлемдер мен салықтарды анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде.
Бүгінгі күнге Ахуал орталығын кадр құрамымен жасақтау, техникалық жарақтандыру, сондай-ақ жедел ден қоюдың тиімділігін арттыру және шекарадағы өткізу пункттерінде басқару мақсатында функционалды кезең-кезеңімен кеңейту бойынша жұмыстар жүріп жатыр.
Алдағы уақытта Орталық кешенді салықтық және кедендік тәуекелдерді қолдану арқылы, сондай-ақ оларды кейіннен талдаулар және бақылаумен мемлекеттік кірістер органдарының бақылауындағы объектілер мен субъектілерге қатысты «24/7» қағидаты бойынша жұмыс режимі бар Ахуалды-талдау орталығы ретінде өз әлеуетін өсіретін болады.
Анықтама үшін: Мемлекет басшысының кедендік әкімшілендіру саласындағы шараларды күшейту туралы тапсырмасының шеңберінде, сондай-ақ «ҚР ҚМ МКК штат саны мен құрылымын бекіту туралы» ҚР Қаржы министрлігінің Жауапты хатшысының 2019 жылғы 26 шілдедегі №789 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Ә.А.Смайыловтың тапсырмасымен ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымында ҚР ҚМ МКК Кедендік әдіснама департаментінің жаңа «Ахуал орталығы» басқармасы құрылды.
ИТК суреттерін тауарға ілеспе құжаттарда көрсетілген мәліметтермен салыстыру нәтижелерінің негізінде тауарларды дұрыс емес декларациялауды болдырмау, сондай-ақ кедендік төлемдер мен салықтардың түсімін ұлғайту мақсатында ЕАЭО кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты жедел шешімдерді қабылдау Орталықтың негізгі міндеті болып табылады.
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)