
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (одан әрі - Комитет) 3 мамыр 2017 жылы Оқу-әдістемелік орталығының ақпараттық алаңында тәжірибеде қолдану мақсатында әкелінетін/әкететін/транзиттік тауарларды «Астана -1» ақпараттық жүйесінде декларациялауды енгізу туралы, оның ішінде сол жүйедегі қателіктер, жетіспеушіліктерді болдырмау және жүйені енгізуді жылдамдату туралы онлайн режимде Комитеттің аймақтық бөлімдерімен бейнеконференцбайланысы өткізілді.
Бейнеконференцбайланысқа аймақтық бөлімдерден тауарларды декларациялауға жауапты 173 қызметкерлер және бапкерлер (Комитеттің Оқу-әдістемелік орталығында «АСТАНА-1» АЖ бойынша сабақ өткен қызметкерлер) қатысты.
Сонымен қатар бейнеконференцбайланысқа Комитеттің «Астана – 1» АЖ жұмысын игеру және әзірлеуге жауапты тобының мүшелері, кедендік бақылау Департаментінің бас эксперті Л.С. Нургалиева және кедендік әдістемелік Департаментының бас эксперті А.А. Исабекова қатысып «Астана – 1» АЖ жұмысы туралы аймақтық бөлімдерден болған сұрақтарға (20 сұрақ) және болып жатқан тұтаспаушылықтарға толық жауап берді
Бейнеконференцбайланыс кезінде екі жақ «Астана – 1» АЖ тезірек енгізу бойынша тұрақты негізде барлық кемістіктер туралы ақпаратпен алмасу жөнінде шешім қабылдады.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)