Жарияланған күні: 16.02.2018 15:16
Өзгертілген күні: 16.02.2018 15:22

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Ақтөбе облысында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша

көшпелі семинарлар өткізілді

Салық төлеушілер арасында бұқаралық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментімен Ақтөбе облысының Ақтөбе қаласында және аудандарында жаңа Салық кодексінің нормаларын түсіндіру бойынша семинарларды жүргізудің кестесі бекітілген. 

Іс-шараның басты мақсаты – халықты салық заңнамасы туралы ақпаратпен қамту, салық төлеу бойынша азаматтардың өз міндеттемелерін адал орындауға ынталандыру.

Осылайша, бекітілген кестеге сәйкес, Алға, Мұғалжар, Байғанин, Темір, Қобда, Ойыл аудандарында және Ақтөбе қаласында түсіндірме сипатындағы көшпелі семинарлар өткізілді.

Семинар аяқталғаннан соң, Департамент қызметкерлері салық төлеушілерге түсіндірулер, кеңестер және барлық көкейтесті сұрақтарына жауаптар берді.

Сәйкесінше, осындай жұмыс Ақтөбе облысының басқа да аудандарында жүргізілетін болады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)