Жарияланған күні: 05.10.2018 17:07
Өзгертілген күні: 05.10.2018 17:15

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру бойынша мемлекеттік қызметтердің үдерісі оңтайландырылуда

 

Алкоголь өнімдеріне есепке алу-бақылау маркаларын және темекі бұйымдарына акциздік маркаларды беру бойынша мемлекеттік қызметтер 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы» РМК-на, яғни аутсорсингке беріледі.

Аталған жаңалық мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің үдерісін оңтайландыру мақсатында енгізіліп жатыр: мерзімдерді және ұсынылатын құжаттар тізімін қысқарту жоспарлануда.

Қазіргі уақытта ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетімен уәкілетті мемлекеттік органға Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алып тастау бойынша ұсыныстар енгізілген.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)