Жарияланған күні: 07.04.2022 17:06
Өзгертілген күні: 07.04.2022 17:09

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті көктемгі мерекелер қарсаңында 2022 жылғы 1-31 наурыз аралығында "Учет" ақпараттық агенттігімен бірлесіп, Алматы қаласының тұрғындары үшін "eSalyq Azamat" #БІРГЕДАМУҮШІН мобильді қосымшасын дәріптеу бойынша конкурс өткізгенін хабарлайды! Ұтыс ойыны Almaty.tv телеарнасындағы Таңғы Studio бағдарламасының тікелей эфирінде өткізілді. Ұтыс ойынына қатысушылар саны 15 мың адамды құрады.

Біз байқау жеңімпаздарын және жүлде (велосипед)иегерлерін таныстыруға қуаныштымыз:

1.Темірханова Раушан Ғалымжанқызы (№251);

2.Абушева Эсмира Мирзақызы (№719);

3.Ширшин Евгений Викторович (№5143).

Тікелей эфирде МКД басшысының орынбасары Казиева Орынкүл Нұрланқызы және “Учёт" компаниялар тобының негізін қалаушы, сондай-ақ "Атамекен" Алматы ӨКП төрағасы Максим Барышев қатысты.

Жеңімпаздарды анықтауға кездейсоқ таңдау әдісі арқылы Киев қаласындағы Junior Евровидение музыка академиясының вокал номинациясы бойынша Гран при иегері, 4 маусымның финалисі және "Бала дауысы" ұлттық ән байқауының 3 сыйлық лауреаты, Эстрадалық вокал номинациясы бойынша әртүрлі республикалық және халықаралық конкурстардың қатысушысы, сондай - ақ дарынды балалардың "Дара бала" телевизиялық жобасының қатысушысы Мирас Максимов көмектесті.

Тікелей эфирде МКД орынбасары eSalyq Azamat және eSalyq Business мобильді қосымшаларының функциялары мен қызметтері туралы айтып берді, сондай-ақ балалар байқауын өткізу туралы жоспарларымен бөлісті.