Жарияланған күні: 28.12.2023 17:25
Өзгертілген күні: 28.12.2023 17:30

     2023 жылғы 28 желтоқсанда «Естіуші мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев Алматы мен Астана қалаларының, Қызылорда және Қарағанды ​​облыстарының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді.

    Өз сөзінде Ж. Дүйсембиев жалпыға бірдей декларацияны енгізу, халықты платформалық жұмыспен қамту, салықтық әкімшілендіру саласындағы өзгерістер, мобильді аударымдарды бақылау, бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолданатын қызмет түрлерін кеңейту туралы айтты, сондай-ақ өңірлердегі азаматтардың сұрақтарына жауап берді.

    Онлайн кездесудің толық жазбасы сілтеме бойынша:

    https://www.instagram.com/reel/C1YmNQ5I8NQ/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==