Жарияланған күні: 01.06.2022 17:59
Өзгертілген күні: 01.06.2022 18:02

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Алматы қаласының мемлекеттік кірістер Департаменті Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен бірлесіп #БІРГЕДАМУҮШІН атты балалар шығармашылығының конкурсын ұйымдастырды.

Балалар байқауын өткізудің негізгі мақсаты дарынды және талантты балаларды қолдау, отбасына, өз еліне деген сүйіспеншілікті арттыру, салық салу, кеден ісі мәселелерінде балаларды бағдарлау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру болып табылады.

Конкурсқа 230-дан астам бала қатысты, сурет салудың әртүрлі техникасында 260-тан астам көркем жұмыс, шығармашылық қолдан жасалған бұйымдар, бейнероликтер дайындалды.

Жұмыстарды Жанат Байжанбаев, Қуаныш Бейсеков және Ахмет Ахат сияқты танымал шығармашылық тұлғалар арасынан қазылар алқасы бағалады.

"Бұл жұмыс, ең алдымен, көзқарастары мен пікірлері әлі қалыптаспаған жастарға бағытталған. Балалар әділетсіздіктің кез-келген көрінісіне бейім, өтірікті қатты сезінеді және адалдықты ұстанады. Ерте жастан бастап парасаттылық және сыбайлас жемқорлыққа тұрақты иммунитет идеологиясын қалыптастыру қажет", - деп Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Асхат Оразхан атап өтті.

Сондай-ақ, Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділов өз ойымен бөлісті: "Біз қаламызда түрлі байқауларға белсенді қатысып, мемлекетіміздің өркендеуіне өз үлесін қосып жүрген осындай дарынды балалардың барына мақтан етеміз".

Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздарға велосипедтер, гироскуторлар және грамоталар сияқты бағалы естелік сыйлықтар берілді.