Жарияланған күні: 02.03.2016 16:25
Өзгертілген күні: 02.03.2016 16:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және ОАААҮО қызметтері мен есірткіге қарсы бөлімшелер басшыларының жұмыс кездесуі өткізілді

2016 жылғы 26 ақпанда Алматы қаласында Орталық Азия аумақтық ақпараттық үйлестіру орталығының есірткі құралдар, психотроптық заттар мен оларға тектестеріне қарсы күрес бойынша Орталық Азия аумақтық ақпараттық үйлестіру орталығының (бұдан әрі - ОАААҮО) негізінде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы ІІМ қызметтері мен есірткіге қарсы бөлімшелер басшыларының және ОАААҮО өкілдерінің жұмыс кездесуі өткізілді. Аталған шарада сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері де қатысты.

Проблемалық мәселелерді талқылауды ескерумен жұмыстық топты өткізу нәтижелері бойынша бірқатар шешімдер қабылданды.

Ең бірінші кезекте есірткіге қарсы бөлімшелерінен әріптестер ОАААҮО негізінде тұрақты қызмет істейтін жұмыс тобын құруды қарастырды. Жұмыстық топ шекаралас мемлекеттердің бастамаларын келесі бағыттар бойынша үйлестіреді:

есірткі бизнесіне сәтті қарсы әрекет ету үшін өзара әрекет ету механизмін жетілдіру;

есірткінің контрабандасына және заңсыз айналымына қатысы бар тұлағалар туралы ақпаратпен уақтылы алмасуды күшейту;

халықаралық бақыланатын жеткізілімдерді жүргізу алгоритмін әзірлеу;

«байланыс офицері» және басқа да институттардың жұмысын белсендіру.

Сондай-ақ, қызметтердің басшылары есірткі бизнесінен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы әрекет ету үшін бірыңғай әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу келісіміне қол жеткізді. Синтетикалық есірткілерге қарсы әрекет мәселелері де тыс қалған жоқ. Бұл салада қатысушылар ең жақсы халықаралық тәжірибе қолдануға және өзінің өзара әрекет етуін біріздендіруге келісті.

Есірткіге қарсы бөлімшелерінің басшылары бұл мәжілісте белсенду қатысуы ОАААҮО әлеуеті үшін өз бетінше тестке айналды.

Нәтижесінде Үйлестіру орталығы сынақтан өтті және есірткі арнасының барлық тізбегінде транс ұлттық қылмыстық топтардың қатысушыларын анықтау мақсатында жедел талдау жүргізуге дайын.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі

pressa@mgd.kz