
Құрметті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері!
2022 жылғы 29 қараша күні сағат 14:30 -де бекітілген кестеге сәйкес ҚР Қаржы вице-министрі Е.Біржановтың Жамбыл облысы Қордай ауданының тұрғындарымен кездесуі аудандық әкімшілік ғимараты, Төле би,107 (Қордай ауылы) мекенжайы бойынша өтеді.
Журналистерді тіркеу 28 қараша күні сағат 13:00-ге дейін жалғасады. Хатқа жеке куәлік көшірмесі, толық сипаттамасы бар материалдық құндылықтардың тізімі pressqarjyministrligi@gmail.com электрондық пошта мекенжайына жіберілуі қажет.
Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондар арқылы хабарласуды өтінеміз: 8 (7172) 75 04 37, 8 (7172) 75 03 60.