Жарияланған күні: 02.05.2023 15:56
Өзгертілген күні: 02.05.2023 16:00

2023 жылғы 03 мамырда сағат 16:00-де @press_kyzmet_kgd Instagram парақшасында «Жеке тұлғалардың банкроттығына өтініш бергенде азаматтар қандай қателіктер жібереді» тақырыбында тікелей эфир өтеді.

Спикер ретінде ҚР ҚМ МКК берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасы басшысының орынбасары Меруерт Сисембаева сөз сөйлейді.

Модератор - Айнұр Сартаева, «Байланыс орталығы» басқармасы басшысының орынбасары.

ҚР ҚМ МКК-нің әлеуметтік желідегі ресми парақшаларына жазылып, ресми ақпаратқа ғана сеніңіз.