Жарияланған күні: 28.04.2016 09:22
Өзгертілген күні: 28.04.2016 10:51

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

АSЕМ қатысушы мемлекеттерінің кедендік ынтымақтастық бойынша Жұмыс тобының 10-шы кездесуіне

Мемлекеттік кірістер комитеті делегациясының қатысуы туралы

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2016 жылғы 25-27 сәуірде Бандар-Сери-Бегаван қаласында (Бруней Даруссалам) АSЕМ қатысушы мемлекеттерінің кедендік ынтымақтастық бойынша Жұмыс тобының 10-шы кездесуіне Қазақастан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Халықаралық ынтымақтастық басқармасының бас сарапшысы Марина Давидовская қатысты.

Кездесудің мақсаты өткен жылғы қазанда Гоадағы кездесудегі Азия мен Еуропа кеден қызметтерінің басшылары айқындаған 2016-2017 жылдары кедендік ынтымақтастықтың негізгі, оның ішінде: сауда процедураларын оңайлату және жеткізу тізбектері, уәкілетті экономикалық операторлар институтын дамыту, шекараларды басқаруды үйлестіру, әкелетін өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, контрафактілі өнімдерді теңіз және әуе көлік түрлерімен әкелудің жолын кесу бойынша «Реплика» бірлескен кедендік операциясын жүргізу, жолаушылар есебінің Бірыңғай жүйесін әзірлеу және ендіру (Passenger Name Records), Сауданы  оңайлату туралы келісімді орындау, қағазсыз кедендік тазартуды тарату, зияткерлік меншік құқығын қорғау бағыттарын іске асыру бойынша іс-әрекетті одан әрі талқылау болды.

Мәселелер қарқынды дебатта талқыланғанына қарамастан қатысушылар бірқатар мәселелер бойынша шешімдерге келісуге қол жеткізілді. Тараптар белсенді өзара іс-әрекет етуге және 2017 жылы Польша Республикасында өтетін сарапшылардың келесі кездесуінде талықалауға аралық нәтижелерді ұсынуға келісті.

АSЕМ қатысушы елдердің саясат, қауіпсіздік, қаржы-экономикалық, әлеуметтік-мәдени және көлік саласында ынтымақтастықты дамыту мақсатындағы Шығыс Азия және Еуропаның 56 мемлекетін, Еурокомиссия және АSЕАN Хатшылығын  біріктіретін халықаралық ұйым екенін еске саламыз. Бұл ұйым, АSЕМ-ге 2014 жылы қосылған Қазақстан үшін, оның ішінде кеден ісі саласында ынтымақтастықты дамытудың жаңа көкжиегін ашатын, жаңа халықаралық алаң болып табылады.

ҚР ҚМ МКК Баспасөз қызметі