Жарияланған күні: 10.05.2023 12:13
Өзгертілген күні: 10.05.2023 12:14

«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 27 сәуірдегі №333 қаулысына сәйкес Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті «Нұра» ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Мемлекеттік кірістер органының 6208 коды беріліп, құрылды.

Осыған орай, «Нұра» ауданы бойынша МКБ тіркеу есебінде тұратын салық төлеушілерге салық міндеттемелерін (СЕН тапсыру, салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу және т.б.) тіркеу есебі МКБ коды 6208 бойынша орындау қажет.