Жарияланған күні: 02.10.2018 15:58
Өзгертілген күні: 02.10.2018 16:00

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымы Өңірлік оқу орталығының базасында Дүниежүзілік кеден ұйымының Тәуекелдерді басқару жүйесінің миссиясы өткізілді

 

      2018 жылғы 17-28 қыркүйекте Астана қаласындағы Дүниежүзілік кеден ұйымы Өңірлік оқу орталығының базасында үш жүйелі және өзара байланысты семинарлардан тұратын Дүниежүзілік кеден ұйымының (ДКҰ) Тәуекелдерді басқару жүйесі (ТБЖ) миссиясы өткізілді: 17-21 қыркүйекте "Тәуекелдерді талдау және профильдеу", 24-26 қыркүйекте "Тәуекелдерді бағалау және іріктеу" және
27-28 қыркүйекте " Трейдерлерді саралау және транзит".

      Бұл миссияны ДҚҰ Бақылау және заңдылықты сақтау директоратының аға техникалық офицері Огуз Онал және ДҚҰ аккредиттелген халықаралық сарапшысы Рафал Прик Мемлекеттік кірістер комитеті орталық аппаратының қызметкерлері мен мемлекеттік кірістер органдары аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне өткізді.

     Миссияны өткізу мақсаты тәуекелдерді профильдеу және деректерді талдау бойынша практикалық тәжірибе алу,  ДҚҰ ұсынымдарына сәйкес мемлекеттік кірістер органдарының ТБЖ принциптерін құруды талқылау,  СЭҚ қатысушыларын санаттарға бөлу, селективтілік жүйесін және тәуекелдерді бағалаудың тиімді жүйесін қалыптастыруды зерттеу, сонымен қатар тиімді транзит жүйесін енгізу бойынша халықаралық тәжірибені және практикалық аспектілерді зерделеу болып табылды.

     Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі неміс қоғамы (GIZ) Орталық Азиядағы сауда рәсімдерін жеңілдету бойынша бағдарламасының қолдауымен 27-28 қыркүйекте іс-шара жұмысына Қытай Халық Республикасы мен Түркия Республикасы кеден қызметкерлері сарапшылар ретінде қатысты. Тыңдаушы ретінде семинарға Орталық Азия елдерінің (Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстан) кеден қызметтерінің өкілдері және Қазақстан Республикасы мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері шақырылды.

     Семинарлардың бағдарламасы теориялық және практикалық сұрақтардан тұрды. Семинар қатысушылары, топтарға бөлініп сыртқы экономикалық қызмет қатысушыларын санатын айқындау,  тәуекелдер профильдерін әзірлеу және мақсаттау  бойынша практикалық тапсырмаларды орындады, сондай-ақ қолданыстағы бұйрыққа тәуекелдерді басқару процесін жетілдіру бойынша нақты ұсыныстар әзірледі. Семинар барысында  алынған білімді кедендік ТБЖ одан әрі жетілдіру жұмысында қолданылады.

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)