Жарияланған күні: 03.02.2023 21:19
Өзгертілген күні: 03.02.2023 21:24

           2023 жылғы 1 ақпанында Астана қаласында ҚР Салық заңнамасындағы өзгерістерге арналған «1С Қазақстан» XII Форумы өтті.

          Форумға қатысушылар 2023 жылға арналған ҚР Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілгені туралы егжей-тегжейлі біліп, 2022 жылға арналған жылдық есептілікті тапсыру бойынша өзекті сұрақтарға жауап алды.

          Мемлекеттік кірістер комитетінің (МКК) спикерлері Қазақстан Республикасының салық заңнамасына 2023 жылғы
1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер бойынша келесі тақырыптарға түсініктеме берді:

         - арнайы салық режимдері және бірыңғай төлем енгізу бойынша өзгерістер оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимдерін қолданатын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер мен ауыл шаруашылығы кооперативтері үшін, шаруа немесе фермер қожалықтары үшін арналған.

         Мұндай тәртіпті қолдану ерікті болып табылады.

         Бірыңғай төлемге: жұмыскерлердің табысынан ЖТС, міндетті зейнетақы жарналары, жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар, жарналар және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар енгізіледі.

        2023 жылы бірыңғай төлем ставкасы 20  пайызды құрайды. Бірыңғай төлемді есептеу кезінде әлеуметтік төлемдер бойынша белгіленген қызметкерлердің табыстарының мөлшері бойынша жеңілдіктер мен шектер ескеріледі;

       - бейрезидентердің дивидендтеріне салық салудағы өзгерістер бойынша анықталған, атап айтқанда:

       салық агенті орындаған кезде 10 пайыз мөлшерінде төмендетілген салық ставкасын қолдануға құқылы шарттар;

       қазақстандық қор биржаларының ресми тізімдеріндегі дивидендтер мен бағалы қағаздар бойынша сыйақыларға қатысты жеңілдіктерді қолдану шарттары.

       Бейрезидентерге төленетін дивидендтер түріндегі табыстарды салық салудан босатуды көздейтін ережелер алынып тасталғаны туралы сөз айтылды.

       Сондай-ақ тәуелсіз аудитор және бухгалтер-практик Елена Борисовна Коломейцева Қазақстан Республикасының салық заңнамасындағы барлық жекелеген өзгерістер бойынша қысқаша шолумен таныстырды.

      Сонымен қатар, МКК қызметкерлері форумға қатысушылардан келіп түскен бірқатар сұрақтарға жауап берді.

      Форум жұмысына бухгалтерлер, қаржы директорлары, аудиторлар және компаниялардың, мемлекеттік ұйымдар мен бизнестің басқа да өкілдері қатысты.