Жарияланған күні: 29.08.2017 13:00
Өзгертілген күні: 29.08.2017 13:06

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

А.ж. 24-25 тамыз аралығында ҚР ҚМ МКК ОӘО Астана қаласындағы ЕҚЫҰ мен GIZ бағдарламаларының кеңсесімен бірлесіп, «Сауда рәсімдерін оңайлату және шекара қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша халықаралық семинар өткізді

 

Cауда рәсімдерін оңайлату халықаралық сауданың және елдердің экономикалық дамуының маңызды факторы және шетелдік инвестицияларды тартуда маңызды рөл атқарады. Бұл мәселе ДСҰ сауда келіссөздерінің халықаралық саяси күн тәртібінде маңызды орын алады.

Сауда мен шекаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету халықаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі болып табылады, әсіресе, терроризм мен трансұлттық қылмыстардың ұлғаю қаупін ескере отырып, халықаралық сауда қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету үшін ДСҰ кедендік әкімшілендірудің жаңа стратегияларын және түрлі ұсыныстарды әзірлейді.

Осыны ескере отырып, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығы ЕҚЫҰ кеңсесі мен Астанадағы  GIZ бағдарламасы аясында ағымдағы жылдың 24-25 тамыз аралығында Австрияның, Қытайдың, Ресей Федерациясының, Қырғызстанның және Өзбекстанның Қаржы министрлігінің сарапшыларын тартумен «Сауда рәсімдерін оңайлату және шекара қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты келесі мәселелерді талқылау және олар бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады:

-         шекара қауіпсіздігін жақсарту саласындағы ынтымақтастықты дамыту;

-         трансшекаралық қозғалыстарды оңайландыру және сауданы жеңілдету шаралары;

-         сауданы оңтайландыру және шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудің оң тәжірибесі.

Семинар барысында шекара қауіпсіздігі мен сауданы жеңілдету саласында ынтымақтастық аясында көкейкесті мәселелер, сондай-ақ осы аталған елдердің Е-терезесі жұмыстарының тәжірибесі зерделенді.

Тындаушы ретінде семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері, мемлекеттік кірістер органдарының аумақтық қызметкерлері және Қазақстан Республикасындағы Халықаралық ұйымдар өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізіліп, нәтижесінде семинардың сапалы ұйымдастырылғандығы және мамандарды даярлауда жоғары біліктілік деңгейі  көрсетілді.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)