Жарияланған күні: 04.12.2017 17:59
Өзгертілген күні: 04.12.2017 18:02

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

Бүгінгі күні кеден шекарасы арқылы тасымалданатын жеке тұлғаларды, тауарлар мен көлік құралдарын бақылау үшін тәуекелдерді басқару жүйесінің құралдары болып табылады және өз кезегінде Қазақстан Республикасының сыртқы сауда қызметін жүзеге асыру барысында кедендік заңдылықтарды сақтамау ықтималдығының дәрежесін анықтайды.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, а.ж. 29-30 қараша аралығында, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің Оқу-әдістемелік орталығында (ары қарай - ОӘО) Астана қаласындағы ЕҚЫҰ бағдарламалар Кеңсесі және Германия халықаралық ынтымақтастық ұйымымен бірге  (GIZ) «Бағалау, мақсатты бағыт, тәуекелді жолдар мен кедендік бақылау» тақырыбы бойынша Грузия, Венгрия, Ресей Федерациясының ФКҚ сарапшыларының қатысуымен халықаралық семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты ДКҰ ұсыныстарына сәйкес, мемлекеттік кіріс органдарының ТБЖ принциптерін талқылау, кедендік тәуекелдерді басқару саласындағы ынтымақтастық бойынша дамыған елдердің озық тәжірибесі туралы білім беру, ТБЖ жұмыстарын ұйымдастыру бойынша халықаралық тәжірибені зерделеу болып табылады.

Семинар барысында келесі мәселелер қаралды:

- Тәуекелдер бөлімінің ұйымдық құрылымы;

- ТБЖ-ның тиімділігі қалай бағаланады;

- ТБЖ тиімділігін бағалау үшін пайдаланатын критерийлер;

- Тәуекел профилінің тиімділігі қалай есептеледі;

- Тәуекелдің жаңа бағыттарын жүйенің автоматы түрде анықтай алуы мүмкін бе.

Тыңдаушылар ретінде семинарға Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (ары қарай - МКК),  мемлекеттік кіріс органдарының аймақтық бөлімдерінің қызметкерлері және халықаралық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Семинар қорытындысы бойынша сауалнама жүргізілді және сауалнама нәтижесі семинардың жақсы ұйымдастырылғанын  және сарапшылырдың жоғарғы дайындық деңгейін көрсетті.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)