Жарияланған күні: 05.05.2018 16:31
Өзгертілген күні: 05.05.2018 16:36

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

 МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

 «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заң жобасының «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында орналастырылғаны туралы

 

Ағымдағы жылғы 4 мамыр күні «Ашық нормативтік құқықтық актілер» интернет-порталында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы жарияланған.

Заң жобасын әзірлеу мақсаты Елбасының Қазақстан Республикасы Парламентінің алтыншы шақырылымның үшінші сессиясының ашылуында оңалту және банкроттық рәсімдерін жетілдіру бойынша заңнамалық қамтамасыз етуді жүзеге асыру, сондай-ақ жалпы дәрменсіздік жүйесінің тиімділігін жоғарылату болып табылады.

Заң жобасымен көзделген негізгі тұжырымдамалық өзгерістер:

1)   кәсіпкерлік субъектілерінің төлем қабілеттілігі жағдайына мониторинг жүргізу жүйесін енгізу;

2)   оңалту және банкроттық рәсімдерін қолдану үшін баланстық өлшемдер енгізу;

3)   кредиторлар жиналысы құзыретіне кіретін бірқатар функцияларды кредиторлар комитетіне табыстау арқылы банкроттық рәсімін өткізу мерзімдерін қысқарту;

4)   әрекет жасамайтын борышкерлерді банкроттық рәсімін қозғамай таратудың жеңілдетілген тәртібін енгізу;

5)   әдейі, жалған банкроттық үшін кінәлі жауапты тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін негіздерді анықтау тәсілдерін өзгерту;

6)   банкроттықтың нақты бенефициарларының (атап айтқанда, олардың әрекеті нәтижесінде кәсіпорын банкрот болған тұлғалардың) субсидиарлық жауапкершілігін белгілеу қарастырылатын болады.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)