Жарияланған күні: 27.01.2023 20:33
Өзгертілген күні: 27.01.2023 20:34

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Жоба «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» 2022 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 3-тармағын іске асыру мақсатында әзірленді, оған сәйкес бақылау субъектісіне бармай профилактикалық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама нысанын уәкілетті орган белгілейді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 25 қаңтарыңда орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 8 ақпанға дейін.