Жарияланған күні: 28.09.2018 09:45
Өзгертілген күні: 28.09.2018 16:38

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

Банкроттың мүлкін сату бойынша электрондық аукционға

қатысу үшін ақпарат

 

Құрметті сайт қонақтары!

Сіздердің назарларыңызға банкроттың мүлкін сатып алу үшін электрондық аукционға қатысу мүмкіндіктерін жеткіземіз.

Электронды аукцион арқылы сатылатын банкроттың мүлкі бойынша ақпарат Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Мемлекеттік мүлік тізілімі сайтының  «Электрондық сауда алаңы» бөлімінде қол жетімді (сайтқа сілтеме: www.gosreestr.kz).

Банкроттың мүліктерінің тізілімін көру үшін сізге «Сауда-саттықтары түрі» қойындысында «Аукцион» - «Борышкердiң (банкроттың) мүлкiн сату жөнiнде аукцион» таңдау қажет.

Бұдан басқа, www.gosreestr.kz сайтының пайдаланушыларына сату объектілерінің атауы, аймағы, сипаты, сауда-саттықтың басталу күні мен уақыты бойынша таңдау мүмкіндігі ұсынылған.

Электрондық аукционға қатысу үшін сіз www.gosreestr.kz сайтында тіркелуіңіз керек екеніне назарыңызды аударамыз.

Электрондық аукционға тіркелуге және қатысуға арналған рәсім туралы, сондай-ақ сатушының банкроттың мүлігін электрондық сауда алаңына орналастыру шарттары туралы толығырақ төмендегі сілтемеге сай бейне нұсқауларынан білуге болады:

http://video.gosreestr.kz/vod/EA/2RegUserSys.mp4

http://video.gosreestr.kz/vod/EA/3LoginCabinet.mp4

http://video.gosreestr.kz/vod/EA/4OpisanieRazdela.mp4

http://video.gosreestr.kz/vod/EA/8Ponijenie.mp4

 

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)