Жарияланған күні: 06.09.2022 18:32
Өзгертілген күні: 06.09.2022 18:33

Мемлекеттік кірістер комитеті «Байланыс-орталығы үздік қызметкері»  атағына 17 МКД және КГД арасындағы ай сайынғы конкурс шеңберінде 2022 жылдың тамыз айына конкурс өткізді.

Конкурс аумақтық МКО қызметкерлеріне жасырын қоңырау шалу арқылы өткізіледі және бірнеше критерийлерді қамтиды:

  •  Дербес деректерді ұсына отырып, салық төлеушінің корпоративтік сәлемдесуі;
  • Берілген сұраққа толық және дұрыс кеңес беру;
  • Салық төлеушінің қарсылықтарына, даулы мәселелеріне жауап бере білу.

Аталған конкурс қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің қызмет көрсету нәтижесіне объективті баға алуға бағытталған және Мемлекеттік кірістер органдары көрсеткен қызметтердің сапасын арттыруға тікелей әсер етеді.

2022 жылғы тамыз айының қорытындысы бойынша МКК «Байланыс-орталығы» басқармасының бас сарапшысы – Есілбай Гүлхан Құттыбайқызы «Байланыс-орталығының үздік қызметкері» болып танылды.

Есілбай Гүлхан Құттыбайқызы, Мемлекеттік кірістер органдарында 2008 жылдан бастап жұмыс істейді, жұмыс өтілі 14 жылдан астам. Жұмыс барысында өзін сауатты және жауапты маман ретінде көрсете білді. Үнемі өзінің кәсіби деңгейін арттыруда, толық және дұрыс кеңес беруді, жанжалды жағдайларда өзін-өзі бақылауды, мұқият және мейірімді болуды біледі. Ағымдағы жылдың тамыз айында 1692 қоңырау қабылдады, оның ішінде өтініш білдірген азаматтардың 97% Есілбай Гүлхан Құттыбайқызының жұмысына оң баға берді.