
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен «Берешек сомасы туралы хабарламалардың және касса бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы мемлекеттік кірістер органы өкімдерінің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.
Жоба «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» және «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының күші жойылды деп танылуына байланысты Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 256-бабының 2 және
3-тармақтарын, «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2 және 3-тармақтарын іске асыруға әзірленді.
Бұл Жоба https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=14777906 ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 2 қарашада орналастырылған.
Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 16 қарашаға дейін.