Жарияланған күні: 28.04.2023 17:03
Өзгертілген күні: 28.04.2023 17:32

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігімен  «Біліктілік емтиханын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 191 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі бұйрық жобасы (бұдан әрі – Жоба) әзірленді.

Бұл Жоба http://legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2023 жылдың 26 сәуірінде орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2023 жылдың 15 мамырына дейін.