Жарияланған күні: 15.12.2017 17:09
Өзгертілген күні: 15.12.2017 17:17

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Ел басының Қазақстан халқына Жолдауы шеңберінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету үдерісін барынша оңтайландыру, соның ішінде бизнес үшін мерзімдерді және құжататр тізімін қысқарту, қайталанатын үдерістерді жою және оларды толықтай электронды нысанға көшіру тапсырылды. 

Мемлекеттік кірістер органдарымен 48 мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсетіледі, оның ішінде 29 қызмет салықтық және 19 қызмет кедендік бағыттағы. Сонымен қатар, 48 қызметтің ішінде 32 қызмет немесе 67% электронды түрде,  16 қызмет немесе 33% қағаз түрінде көрсетілетіндігін атап айтқан жөн.

2017 жылы Комитетпен келесі жұмыстар атқарылды:

1.      «Дара кәсіпкерлерді тіркеу есебіне қою» қызметі  2 құжатты қоса бере отырып электронды түрде көрсетілді (жылына 250 мың қызмет) 2017 жылғы шілдеден бастап қызмет хабарламалық тәртіпке көшіріліп Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталды.

2.      «Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебі» (жанар-жағар майды және алкоголь өнімдерін сату, ойын бизнесі) қызметі (жылына 25 мың қызмет) хабарламалық тәртіпке көшті. Бұрын бұл қызмет құжататрды қоса отырып электронды түрде 3 жұмыс күні ішінде көрсетілді.

Сонымен, осы қызметтерді оңтайландыру салық төлеушілерге өтініш пен құжаттарды бермей-ақ салық органына қызметтің басталғаны туралы хабарлау арқылы сол күні қызметті бастауға мүмкіндік берді.

3.      «Қосылған құн салығын төлеушілерді тіркеу есебі» қызметі  (жылына 5 мың.қызмет) құжататрды қоса отырып қағаз түрінде көрсетілді.

2017 жылы мамырда қызмет электронды түрге көшірілді, онымен қоса, 2 құжатты қоса беру алынып тасталды, қызметті көрсету мерзімі 5 жұмыс күнінен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды. Қазір қызметті заіды тұлғаны мемлекеттік тіркеу кезінде алуға болады (компизитті қызмет).

Алайда, Комитет жеткен жетістіктерге тоқталмай келесі жұмыстарды жүргізуді жоспарлауда:

1.      хабарламалық тәртіпке көшіру (1 қызмет немесе жылына 297,0 мың қызмет):

•        жеке нотариусты, жеке сот орындаушысын, адвокатты, кәсіби медиаторды тіркеу есебі;

2.      өзін-өзі реттеуші компанияларына беру (6 қызмет немесе жылына 633,7 мың қызмет):

•        электрондық салық төлеуші ретінде тіркеу есебі;

•        алкоголь өніміне (шарап материалы мен сыраны қоспағанда) есепке алу-бақылау таңбаларын беру;

•        темекі бұйымдарына акциздік таңбалар беру;

•        внесение новых моделей ККМ в Государственный реестр ККМ;

•        әкімшінің (уақытша әкімшінің, оңалтушы, уақытша және банкроттықты басқарушының) қызметін жүзеге асыру құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханын өткізу;

•        кедендік декларациялау жөніндегі маманның біліктілік аттестатын беру.

3.      4 қызмет Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінен алынып тасталады, өйткені ақпараттар сыртқы жүйелерден МКК АЖ ықпалдасу жолымен алынады (жылына 970,5 мың.қызмет):

•        кеден одағы шеңберінде тауарлардың экспорты (импорты) кезінде салықтық нысандарды қабылдау;

•        кедендiк баждар, салықтар, кедендiк алымдар мен өсімпұлдар бойынша есептеулердi салыстыру актiсiн беру;

•        салық салу объектілерінің және (немесе) салық салумен байланысты объектілерінің орналасқан жері бойынша тіркеу есебі;

•        бақылау-касса машиналарын (БМК) есепке қою және есептен шығару.

 

Қазақстан Республикасы

Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)