Жарияланған күні: 25.07.2018 19:50
Өзгертілген күні: 25.07.2018 19:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Баспасөз релизі

 

 

Бүгін, 2018 жылдың 25 шілдесінде, Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР ҚМ МКК-нің Салық салудың әдіснамасы департаментінің директоры Қайрат Жолмұхамбетовтың қатысуымен баспасөз конференциясы болып өтті.

Әлемнің дамыған 30 еліне қосылу туралы мемлекет басшысының тапсырмасы аясында быз алдыңғы халықаралық стандарттарға, соның ішінде Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының стандарттарына сай болу мақсатындаға шаралар орындалуда.

Осы қадам шеңберінде ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықтың жол картасы қабылданды. ЭЫДҰ негізгі конвенцияларының бірі 1988 жылы Страсбургте бекітілген салықтық мәселелер бойынша өзара әкімшілік көмек туралы конвенция болып табылады.

Страсбург конвенциясы осы Конвенцияға қатысушы елдердің салық органдары арасында салықтық ақпарат алмасу тәжірибесінің тиімділігін арттыруға бағытталған.

Бұл механизм ағымдағы конвенциялармен және келісімдермен салыстырғанда бірқатар маңызды артықшылықтарға ие.

Страсбург конвенциясы салықтың барлық түрлерімен және қатысушы елдердің салық төлеушілеріне қатысты кез-келген ақпаратпен өзара алмасуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, қажетті ақпаратты алу әдістері өте жеңілдетілген. Жазбаша сұраулардан басқа Страсбург конвенциясы жеке сұраулар мен хаттарды жіберместен автоматты түрде алмасу мүмкіндігін ұсынады.

Конвенция ережелерi қатысушы елдердің өздерінің аумағында салық қарыздарын алу мәселесінде көмек көрсету туралы өзара міндеттемелерін қарастырады.

Страсбург конвенциясы мүдделі әрбір елдің аумағында бір мезгілде салықтық тексеру жүргізудің құқықтық негізін белгілейді. Сондай-ақ, қажет болған жағдайда, қазақстандық салық қызметінің өкілдері Конвенцияға қатысушы елде жүргізілетін салықтық тексерулерге қатыса алады.

Осыған байланысты Қазақстан Страсбург конвенциясын қысқа мерзімде қабылдауға қызығушылық білдірді.

Нәтижесінде Страсбург конвенциясына Қазақстан 2013 жылы қол қойып, 2014 жылдың желтоқсан айында ратификацияланды.

Осыған байланысты G20 елдері ЭЫДҰ-мен бірлесіп Қаржылық ақпаратты автоматты алмасу туралы көпжақты келісім-шартты (CRS) әзірледі. Бұл келісім 2014 жылы Берлин қаласында жүзеге асырылды.

Келісімнің мәтіні мен түсініктемесі G20 елдері тарапынан 2014 жылдың маусым айында мақұлданды.

Нәтижесінде ағымдағы жылдың 26 маусымында МКК көп жақты келісімге қол қойды. Көп жақты келісім Комитетке 102 юрисдикциямен, оның ішінде жеңілдікті салық салынатын елдермен, қаржылық шоттар туралы ақпаратпен алмасу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл шаралар 100 нақты қадам Ұлт жоспарының 42-қадамы кірісті және шығысты жалпы жариялауға көшуін жүзеге асыруға байланысты салық төлеушілер көрсеткен деректерді кейіннен басқару үшін қажетті ақпаратты береді.

 

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)