ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Бүгін, 2016 жылғы 1 сәуірде Астана қаласында Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, багаждарды сканерлеу үшін компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін және адам денесін тексеруге арналған жүйелерді өтеусіз беру туралы қабылдап алу-тапсыру актісіне қол қоюдың ресми Рәсімі өтті.
«Нұрлы Жол» жаңа экономикалық саясатын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жариялаған және Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің «Жібек жолының Экономикалық белдеуін» қалыптастыру бойынша бастамасымен, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы 2015 жылы 27 наурызда Пекин қаласында (ҚХР) «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасының арасындағы өзара сауданы ынталандыру және дамыту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға» қол қойды.
Меморандум шеңберінде Қазақстан Республикасына инспекциялық-тексеріп қарау кешендерін, компьютерлік томография функциясы бар тексеріп қарау жүйелерін және адам денесін тексеруге арналған жүйелерін жеткізуде өтеусіз техникалық көмек көрсету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. 2015 жылғы 25 маусымда ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы хаттармен алмасу нысанындағы тиісті Келісімге ҚР ҚМ МКК Төрағасы Д. Ерғожин және ҚХР Коммерция министрінің орынбасары Чжун Шан қол қойды.
Ағымдағы жылғы қаңтарда, қытай тарапы қазақстан-қытай мемлекеттік шекарасындағы «Қалжат» өткізу пунктіне орнату үшін Қазақстан Республикасына автокөлік құралдарын сканерлеу үшін 2 стационарлық инспекциялық-тексеріп қарау кешенін ұсынды.
Астана қаласында Халықаралық мамандандырылған «Экспо-2017» көрмесі шеңберінде іс-шараларды өткізуді қолдау және объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, грант шеңберінде қосымша Қазақстан Республикасына 3 мобильді инспекциялық-тексеріп қарау кешенін, компьютерлік томография функциясы бар багажды сканерлеуге арналған 20 рентген аппаратын және адам денесін тексеруге арналған 10 жүйені (скан-жолаушы) ұсынды.
Астана қ. «Экспо-2017» шеңберіндегі іс-шаралар аяқталғаннан кейін, көрсетілген жабдықтар Кеден одағының сыртқы шекарасындағы өткізу пункттеріне көшіріледі және орнатылатын болады.
Қосымша ақпараттар үшін ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің Баспасөз қызметіне
pressa@mgd.kz электрондық пошта арқылы хабарласуға болады.