Жарияланған күні: 29.04.2017 10:27
Өзгертілген күні: 29.04.2017 10:29

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Жалпықалалық сенбілік

 

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ұжымы «Біз – таза қала үшін!» атты жалпықалалық бұқаралық сенбілікке белсенді қатысты.

Аталған іс-шара ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге сапалы дайындалу мақсатында елорда аумағын абаттандыру және жинау бойынша экологиялық айлық аясында өткізіледі.

Сенбілік барысында Комитеттің әкімшілік ғимаратына жанасқан аумағын тазалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Нақтылап айтқанда, МКК қызметкерлері тротуарларды жиналып қалған қоқыстан тазартты, түскен жапырақтар мен бұтақтарды жинап қойды, сондай-ақ ағаш маңайындағы топырақты қопсытты.

 

           

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)