Жарияланған күні: 22.12.2017 18:00
Өзгертілген күні: 22.12.2017 18:04

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ 2017 ЖЫЛЫ БИЗНЕСКЕ ҚЫСЫМДЫ

ЕЛЕУЛІ АЗАЙТЫП, МЕМЛЕКЕТТІК БЮДЖЕТКЕ ТҮСІМДІ КӨБЕЙТТІ

2017 жылдың 11 айы ішінде ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті мемлекеттің қазынасына кірістердің түсімі бойынша жоспарды асыра орындады. 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсім 8-ден астам пайызды құрады. Осындай деректерді ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Ардақ Теңгебаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз маслихатта атап өтті..

ҚР ҚМ МКК мемлекеттік бюджетке 6 031 000 мың (алты триллион отыз бір миллиард) теңгенің түсімін қамтамасыз етті, бұл болжамды жоспарға 101,5% құрайды. 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда кірістердің өсімі 8,4 % немесе 466 миллиард теңгені құрады.

Тексерулер.

Салықтық және кедендік тексерулердің саны 2017 жылы екі есеге дерлік72-ден 37 мыңға дейін төмендетілген болатын. Мұндай көрсеткіштерге тәуекелдерді басқару жүйесін тиімді пайдаланудың және назарды кәсіпкерлік субъектілердің мониторингін физикалық түрінен қашықтықтан мониторингке көшудің негізінде қол жеткізілді.

Бұл ретте жүргізілген салықтық тексерулердің нәтижелері бойынша 87,6 миллиард теңгесі бюджетке өндіріліп алынды. Өткен жылмен салыстырғанда түсім 35-тен астам пайызға өсті.

Кедендік тексерулер бойынша 3,8 миллиард теңгесі бюджетке өндіріліп алынды. Бір тексерістің өндіріліп алыну тиімділігі 13 пайызға өсті.

Кедендік тексерулер бойынша көрсеткіш 2,5 есеге (2016 жылғы 15,866 тексеруден 2017 жылғы 6 297 тексеруге дейін) қысқарды. Тексерудің тиімділігі 4 есе өсті.

Акцизделетін өнімнің айналымын бақылау.

Акцизделетін өнімнің заңсыз айналымын анықтау мақсатында МКК алкоголь өнімдерінің сатушылары бойынша рейдтер жүргізді. Заңсыз алкогольдің 11 миллионнан астам бөтелкесі алынды. Бұл былтырғыдан екі есе көп.

Алкоголь өнімдерін өндіру бойынша 44 жасырын цехының қызметінің жолы кесілді, 4 миллионнан астам жалған есепке алу-бақылау маркалары алынды.

Сондай-ақ этил спирті мен арақтың барлық жұмыс істеп тұрған өндірушілері де тексерулермен қамтылды, олардың нәтижелері бойынша акциздер мен айыппұлдардың 200 миллионнан астам теңгесі есептелді. Көрсетілген фактілер бойынша 203 қылмыстық іс қозғалды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтардың мыңнан астам фактісі (1019) тіркелді. Айыппұлдардың жалпы сомасы шамамен 4 миллиард теңгені құрады.

Мұнай өнімдері нарығында заңсыз айналымнан 16 мың тоннадан астам мұнай өнімдері алынды, 196 миллион теңге сомасында заңсыз мұнай өнімдері бюджет кірісіне тәркіленді. 95 қылмыстық және 23 әкімшілік іс қозғалды. 

Темекі бұйымдарының заңсыз айналымы саласында, оның ішінде Қазақстан Республикасына заңсыз әкелу фактісі бойынша 9 миллион 700 мың дана алынды.

Акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымына қарсы күрес бойынша жүйелі шаралар ретінде ЕБА (есепке алудың бақылау аспабы) пайдалана отырып, алкоголь өнімдерінің және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің өндірісін есепке алу енгізілуде. ЕБА нақты уақыт режимінде Қазақстан Республикасында өндірілетін акцизделетін өнімдердің өндірісі мен айналымы туралы мәліметтердің болуына мүмкіндік береді.

Экономикалық қылмысқа қарсы күрес

Бизнеске қысымды төмендету бойынша тапсырмаларды шешу үшін қылмыстық қудалауға бастамашылық жасау тәртібі түбегейлі өзгерді. Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде материалдарды тіркеу тек уәкілетті органдардың актілерімен және өзге де құжаттарымен расталған, анықталған залал болған кезде ғана жүргізіледі. Нәтижесінде, өткен жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстық істердің саны 2 есеге төмендеді. Сонымен қатар, жалпы санда аяқталған істердің үлесі 30% өсті.

Ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын, ұзақ уақыт бойында, көп қатысушыны тарта отырып, айтарлықтай экономикалық залал келтіретін жүйелі қылмыстарды анықтауға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл басынан бері осындай топтарға қатысты 40 қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыссыздықпен күресуге бағытталған бюджет қаржысын ұрлаған қылмыстық топ қызметі әшкере болды. Топта 20-дан астам адам, оның ішінде әлеуметтік органдардың басшылары мен полиция шенділер болған.

Қылмыскерлер 113 жалған ДК құрған, олар жұмыссыздарды жұмысқа орналастыратын және жастар практикасын ұйымдастыратын номиналды жұмыс берушілердің атын жамылып жасаған. Негізінде ешқандай қызмет жүзеге асырылмаған, жай ғана жоқ адамдар пайдаланылған.

Осылайша ОҚО-нан «Чичиковтер» бюджеттен 400 млн. теңгеден астам қаржыны жымқырған. Бүгінгі таңда іс аяқталуға жақын.

ҚР ҚМ МКК, сондай-ақ жалған шот-фактураны пайдалану арқылы салық төлеуден жалтару бойынша бірқатар ірі қылмыстық істі тергеуде. Осы жылдың 11 айында жалған шот-фактура жазып беру фактісі бойынша 303-ке жуық қылмыстық іс аяқталды, өткен жылғы ұқсас кезеңде – 275.

 Мысалы Қарағанды облысында бірнеше жыл бойы жалған шот-фактура жазып беру арқылы басқа кәсіпкерлердің салықтан жалтаруына  көмектескен екі қылмыстық топ әшкереленді

Заңсыз схемада 130-дан астам жалған кәсіпорындар пайдаланылған, 160-қа жуық жалған мөр алынды. Көрсетілген қылмыстық топтың заңсыз әрекетінен бюджетке келтірілген жалпы залал 36 миллиард теңгеден асады.

Сонымен қатар, ҚР ҚМ МКК бюджет қаражатын тиімді пайдалануға ұдайы мониторинг жүргізуде. Комитеттің мамандары тендерлерге қатысушылар туралы ақпаратты, оның ішінде салық жүктемесін және тәуекел кәсіпорындарымен олардың өзара есеп айырысуын талдайды. 2017 жылы бюджет саласында 820-ға жуық,  квазимемлекеттік салада – 246  қылмыстық құқық бұзушылық анықталды.

 «Астана-Павлодар» автожолын қайта салуға бөлінген бюджет қаражатын жымқыру факті бойынша қылмыстық іс аяқталу сатысында. Іс бойынша, «КазАвтоЖол» ҰК» АҚ облыстық филиалының басшысын қоса 12 адам фигурант.

Қарапайым ұрлау – сметада көрсетілген жол материалдарын (щебень, құм және т.б.) арзан ұқсас материалдармен ауыстырған. Көлік шығыстарын, атап айтқанда жақын щебень карьерінің орнына  қасақана алыстағы карьерді көрсету арқылы құнын көтерген. Нәтижесінде қылмыскерлер бюджет қаражатынан 2 миллиар 300 миллион теңге ұрлаған.

Қолдан ақша жасаудың алдын алу бойынша жұмыс күшейтілді. 2017 жылы қолдан ақша жасау бойынша 4 жасырын цехтың қызметінің жолы кесілді.

 Астанада номиналы 2 000 теңгелік купюрлерді дайындаған және өткізген азамат И.М. Кабдуллин мүлкі тәркілей отырып, 5 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды.

ҚР ҚМ МКК, сондай-ақ ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитетімен  «Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы шеңберінде белсенді ынтымақтасуда.

Қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысында тыйым салынған 130 миллион теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру әрекеті кезінде сот орындаушы мен банк бөлімшесінің бастығы ұсталды. Сондай-ақ күдіктілер алуға ниеттенген 370 миллион теңгеге шектеу салынды.

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз - қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)