ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 2 маусымында сағат 15.00-де (Астана қаласы, Бейбітшілік көшесі, 10, 1 қабат, «Мәжіліс залы») «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобалары бойынша бұқаралық тыңдау өзкізу жоспарлауда.
Спикерлер:Тенгебаев А.М.- ҚР ҚМ МКК төрағасы; Уалиева А.Б.- ҚР ҚМ МКК басқарма басшысы; Мотовилова Е.Ю.- ҚР ҚМ МКК басқарма басшысының орынбасары.
Аталған шараның мақсаты заң жобаларының негізгі ережелерін түсіндіру және талқылау болып табылады.
БАҚ-ты Аккредиттеу мына телефондар: +7 (7172) 70-99-22, 8-701-358-31-97, және rsharipova@mail.ru; rsharipova@mgd.kz. электрондық мекен-жайлары бойынша, 1 маусым сағат 21.00-ге дейін жүргізіледі.
Өтетін орны: Астана қ. Бейбітшілік көшесі,10 (Абай даңғылы), Мәжіліс залы (1 қабат).
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Бейбітшілік 10)