Жарияланған күні: 27.11.2017 09:08
Өзгертілген күні: 27.11.2017 09:10

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 

Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі іске қосылмақ

 

27 қарашада «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тері бұйымдарын таңбалау жүйесі жайында презентация өткізеді.  Қазақстанда тері бұйымдарын таңбалау жүйесі 2017 жылғы 27 қарашадан бастап іске қосылады.

Қандай тауарларды міндетті түрде таңбалаудан өткізу керектігі, кәсіпкерлер мен тұтынушылар үшін тауарларды таңбалаудың тиімділігі жайында ақпарат, сондай-ақ таңбалауды жүргізу механизмі жайында презентация  ұсынылмақ.

Іс-шараға ҚР ҚЖ Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Арғын Қыпшақов, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Басқарма Төрағасының орынбасары Дана Жунусова, сондай-ақ бизнес өкілдері қатысады.

Іс-шараның өтетіе күні, уақыты, орны: 2017 жылғы 27 қараша,  15.00 (тіркеу 14.30-ден бастап), Астана қ., Қонаев к-сі, 8, «Зүбаржат орамы», 8 Блок, Баспасөз орталығы, 24 қабат

БАҚ өкілдерін іс-шараға тіркеу 27 қараша күні сағат 12:00-ге дейін жүргізіледі.

ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі: +7(7172) 709922,709948 , т.моб.87013583197 , rsharipova@mail.kz .

«Атамекен» ҚР ҰКП Қоғаммен байланыс департаменті: +7 (7172) 91 93 67, pr@atameken.kz

 

ҚР Қаржы министрлігі

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Жеңіс даңғылы, 11)