
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде 2017 жылдың 23 желтоқсанында сағат 10:45-де «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесі автокөлік кілтің ресми табыстау өтеді. «Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясы «Атамекен» ҰКП-ның қолдауымен Республиканың барлық аймақтарында 2017 жылдың 1 мамырынан бастап өткізілді.
2017 жылдың 13 желтоқсанында өткен бас финал қорытындысы бойынша Мемлекеттік кірістер комитетінде бағалы жүлделер, оның ішінде бас жүлде – автокөлік ұтысқа салынды.
«Түбіртекті талап ет те – жүлдені ұтып ал!» акциясының бас жүлдесінің жеңімпазы – Амеркулов Асет болды.
БАҚ-ты аккредиттеу мына телефондар: +7 (7172) 70-99-22, 70-99-48, 8-701-358-31-97 және rsharipova@mail.ru, pressa@mgd.kz электрондық мекен-жайлары бойынша 22 желтоқсан, 21.00 сағ. дейін жүргізіледі.
Өткізілу орны: Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 11. Төрағаның қабылдау бөлмесі, 4 қабат.
ҚР Қаржы министрлігінің
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)