
2023 жылғы 22 – 24 ақпан аралығында Оқу-әдістемелік орталығы (бұдан әрі - ОӘО) ҚР ҚМ МКК Аудит департаментінің Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасымен бірлесіп Polycom БКБ арқылы «Дебиторлық берешекті белгілеу бойынша борышкерлерге тексеру жүргізудің сапасы» тақырыбында қашықтықтан арнайы курс өткізді.
Іс-шараның мақсаты – аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлерін дебиторлық берешекті белгілеу бойынша борышкерлерді тексеруді тиімді және сапалы жүргізуге үйрету.
Арнайы курстың тыңдаушылары ретінде аумақтық мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері қатысты.
Ағымдағы жылдың 22 ақпанында сағат 10.10 семинар тыңдаушылары үшін Polycom БКБ арқылы дәріс оқылды.
Іс-шарада ОӘО Біліктілікті арттыру және кәсіби даярлау бөлімінің бас маманы Бауржан Тажиевич Акимов модератор жұмысын атқарды.
Дәріскер ретінде – ҚР ҚМ МКК Аудит департаменті Берешекпен және дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқармасының сарапшысы – Али Ахмет қатысты.
Қатысушылар салық төлеуден жалтару үшін үшінші тұлғалар арқылы ақша қаражатын шығарумен таныстырылды.
Арнайы курстың қорытындысы бойынша 214 қатысушы біліктілігін арттырды.