
Атырау облысында акцизделетін өнімдердің заңсыз саудасының жолы кесілді.
Атырау облысының Жылыой ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасымен 2022 жылдың маусым айында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша жүргізілген іс-шаралар нәтижесінде 2 жеке тұлға 1300 литр алкоголь өнімдерін және 2500 литр дизель отынын заңсыз жолмен сатқаны анықталды.
Бейнематериалға сілтеме:
https://youtube.com/shorts/ilNbfEV23yg?feature=share
Іс материалдары Жылыой аудандық сотына жолданды.
Жалпы ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында Атырау облысы бойынша 139 мың литр дизель отынының, 338 мың литр бензиннің, 4 мың литр алкоголь өнімдерінің және 260 қорап темекі өнімдерінің заңсыз саудасының жолы кесілген.
Көлеңкелі экономиканың алдын алу мақсатында акцизделетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бойынша іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.