Жарияланған күні: 21.04.2025 11:16
Өзгертілген күні: 21.04.2025 12:58
Құрметті салық төлеушілер!
 

Құрметті салық төлеушілер!

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті келесі ақпаратты хабарлайды.

«Кеден» жаңа ақпараттық жүйеге көшу және функционалды жаңарту жұмыстарына байланысты,  2025 жылғы 21 сәуірде сағат 11:50-дан 23:59-ға дейін «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасында «Жолаушылар кедендік декларациясы» сервисі уақытша жұмыс істемейді.

Қосымшаны автоматты түрде жаңарту үшін телефон баптауларынан қолданбаларды автоматты жаңарту функциясын алдын ала қосып қоюды ұсынамыз.

Түсіністік танытқандарыңызға рахмет!