Жарияланған күні: 10.03.2017 17:47
Өзгертілген күні: 10.03.2017 17:53

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ

 «ЕАЭО бойынша жаңа кедендік заңдар»

 

Бәріңізге мәлім Еуразиялық экономикалық одақтың кеден кодексінің келісіміне Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерінің басшылары 2016 жылдың 26 желтоқсанында қол қойды. Бүгін сіздерге жаңа кеден кодексінің негізгі новеллаларын таныстыруға рұқсат етіңіздер.

1. Кеден кодексінде кедендік электрондық декларациялаудың басымдылығы бекітілді.

Бұл дегеніміз:

1)  кедендік декларациялау электрондық нысанда жүзеге асырылады, жазбаша қағаз түрінде кейбір жағдайларда ғана ұсынылады (келеңсіз жағдайлар);

2) кедендік декларациялау кезінде құжаттарды қағаз тасығышында ұсынбастан, кірістер органдарының ақпараттық жүйесінен электронды түрде қажетті құжаттарды алу мүмкіндігі қарастырылған;

Және бұған қоса, Кодекспен ақпараттық жүйесін қолдану арқылы тауарларды автоматты шығару мүкіндігі белгіленді (яғни кеден органы испекторының қатысуынсыз декларант ақпараттық жүйесі арқылы тауар декларациясын шығара алады. Сонымен қатар, заң бұзушылық туралы тәуекелдердің болмаған жағдайда ақпараттық жүйесі (форматы-логикалық бақылау) талдау жасау арқылы автоматтық режимінде тауарларды шығаратын болады.

2. электрондық цифрлық қолтаңбасын қолдану арқылы алдын ала ақпаратты электрондық құжаттар түрінде беру мүмкіндігі белгіленді.

Бұндай ақпарат мынандай электрондық құжаттар:

1)  келу туралы хабарлама;

2)  тауарларды уақытша сақтауға орналастыру кезінде;

3)  транзиттік декларация ретінде;

4)  көлік құралына арналған декларация ретінде қолданады.

Бұндай жағдайда тасымалдаушы кеден органына тек бір рет электронды құжатты ұсынады, осындай құжат жоғарыда көрсетілген бірнеше кедендік операцияларда қолданыла алады. Сондай-ақ, өткізу пункттерінде өзге бақылаушы органдарымен мемлекеттік бақылаудың жүргізілуін жеделдету үшін  алдын ала ақпаратты қолдану мүмкіндігінің нормалары енгізілді. Сонымен бірге, Кодекспен алдын ала декларациялау рәсімі бойынша берілген тауарларға арналған декларациясындағы мәліметтерді алдын ала ақпарат ретінде қолданылу мүмкіндігі көзделген. Бұл ретте, алдын ала декларациялау бойынша іске қосылған тәуекелдер бейіні (профиль рисков) болмаған жағдайда көрсетілген алдын ала декларациясының тіркеу жеріне қарамастан, ЕАЭО-тың кеден шекарасы арқылы өткізу пункінде тікелей тауарларды шығару мүмкіндігін ұлттық заңнама деңгейінде іске асыру жоспарлануда.

3. Келесі жеңілдіктер бұл: кедендік әкелу баждарды мен салықтарды төлеу мерзімін ұзарту (бөліп-бөліп). Сыртқы экономикалық қызметінің қатысушысына кедендік әкелу баждардын, салықтарды төлеу мерзімін ұзартуды (бөліп-бөліп) ұсыну: 1 айға дейін – барлық СЭҚ қатысушыларына ұсынылған мерзімін ұзарту үшін пайызды төлеу; 6 айға дейін – айрықша жағдайларда пайызды төлеусіз - дүлей зiлзалалар, технологиялық апаттар немесе өзгеде еңсерілмейтін күштің жағдайларын жою үшін бюджеттен қаржылау кідіргенде, ауыл-шаруашылық қызметін және өзге СЭҚ қатысушыларын қолдау кезінде әкелінген тауарлар. Төлеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі қолдану кіші және орта кәсіпкерлер субъектілері үшін ең тиімді болып табылады. Мысалға, тауарлардың импортын жүзеге асыратын  СЭҚ қатысушысы оларды бұдан әрі көтерме немесе бөлшек саудада сату мақсатында аз уақыт ішінде кеденнен өткізіп және әкелінген тауарды сату мүмкіндігіне ие болады, соның ішінде сатылған тауарлардың пайдасының қаражат есебінен, кедендік баждарды бір айдан кейін төлейтін болады.

 4. Кедендік тазарту кезінде уақыттың шығындалуына қатысты – бүгінгі күнде Кеден одағының Кеден кодексінде тауарлардың кедендік декларациясын шығару 1 жұмыс күнін құрайды. Кедендік операцияны жасауды жеделдету мақсатында жаңа Кодексте тауарларды шығару 4 сағатқа дейін қысқартылды.

5. 40-қадам. «Постфактум» Кедендік тазарту режимін енгізу. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы жекелеген санаттарға тауарларын жария еткенше тауарларын шығаруға мүмкіндік беру. «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам»   бағдарламасы шеңберінде Мемлекеттік кірістер комитеті 40-қадам  «ПОСТФАКТУМ» кедендік тазарту режимін енгізу бойынша жұмыстар атқарылуда. Аталған міндетте СЭҚ қатысушысымен кейбір бөлек тауарларға қатарына  кедендік декларацияны бергенге дейін  шығаруды көздейді. ЕАЭО Кеден кодексімен келесі тауарлар тізімін кеңейту көзделген:

1) Кедендік аумақта қайта өңдеу, еркін қойма, еркін кедендік аймақ кедендік рәсімдеріне орналастырылған тауарларды;

2) инвестициялық приференциялар яғни жеңілдіктер көзделген тауарлар;

3) уәкілетті экономикалық оператор мәртебесіндегі СЭҚ қатысушыларына.

7. Және Кодекс жобасының тағы бір жаңалығы уәкілетті экономикалық операторлар институтының жаңа моделін дамыту болып табылатын. Бұл ретте, Кодекспен УЭО келесі санаттарын көздейді: 1-типтегі куәлігі бар УЭО  - ЕАЭО бар аумағында қолданылатын тауарларды тасмалдауға қатысты жеңілдіктер; 2-типтегі куәлігі бар УЭО  - тауарларды декларациялау және сақтауға қатысты жеңілдіктер, осындай куәлікті берген ЕАЭО мүше-мемлекет аумағында ғана қолданылады; 3-типтегі куәлігі бар УЭО – 1 және 2 типі бойынша жинағы.

Жинақтарға байланысты УЭО үшін негізгі жеңілдіктер:

1) Бірінші кезек тәртібінде кедендік операцияларды іске асыру

2) Транзит кезінде кедендік төлемдерді қамтамасыз етусіз

3) декларацияны бергенге дейін тауарларды шығару

4)  бірінші кезек тәртібінде кедендік қарап тексеру/тексеріп қарауды жүргізу

5)  пломбаларды кеден органдарымен тану

6)  тасмалдау бағытын белгілемеу

7)  пилоттық жобаларға қатысудың басымдылығы

8)  өзінің аумағында тауарларды сақтау

9)  өзінің үй жайларында кедендік бақылауды жүргізу болып табылады.

8. Сонымен қатар, Кодекспен тұлғалар ЕАЭО бір елінен өзге ЕАЭО өзге еліне кеткенде, үшіні шетел елдер аумағынан келген тұлғаларына (DUTY FREE) бажсыз сауда дүкендерінен тауарларды сатыу мүмкіндігі көзделген. Бұндай тәжірибе Еуропалық одақ елдерінде қолданылады – бажсыз сауда дүкендерінде тауарларға екі баға жүйесі. Бұндай өзгеріс DUTY FREE саласын дамыту мақсатында қажет және жеке тұлғалардың сатып алу қабілетін кеңейту үшін бағытталған.

9. СЭҚ қатысушысы үшін өзге салмақты жеңілдік шартты шығарылған тауарлар кедендік бақылаудан алып тастауды көздейтін нормалар бекітілуі. Біз білетін көптеген мысалдар бар, инвестициялық келісім-шарттар шеңберінде жеңілдіктерді қолданатын компаниялар көптеген тауарларға ие, олар шартты шығарылған тауарлардың кедендік бақылауда болғандықтан өзге елге шығаруға мүміндігі жоқ. Жобаның ережелерімен 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін жер қойнауын пайдалану шеңберіндегі келісім-шарттарымен әкелінген тауарларға қатысты кедендік бақылау тоқтатылады. Нәтижесінде бұндай тауарлар көрсетілген мерзім өткеннен кейін автоматты түрде ЕАЭО тауарлары болып саналады. Бұдан басқа, Кодекстің күшіне енген күнінен бастап Қазақстан Республикасында еркін айналым үшін шығару режиміне 2010 жылдың 1 шілдесіне дейін жеңілдіктермен орналастырылған шартты шығарылған тауарларға қатысты 2015 жылдың 15 маусымында осындай төлемдерді төлеу бойынша міндеттеме тоқтатылу бойынша ұсыныс қолданды.

 

ҚР Қаржы министрлігінің

Мемлекеттік кірістер комитетінің

Баспасөз қызметі

(Бейбітшілік 10)