
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІНІҢ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
21 қазан 2019 ж. Нұр-Сұлтан қ.
«ЕКІҰДАЙ МАҚСАТТАҒЫ ТАУАРЛАРДЫ АНЫҚТАУ» ТАҚЫРЫБЫНА СЕМИНАР ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылдың 16 – 18 қазан аралығында ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы «Екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау» тақырыбына бейнеконференц байланысы арқылы қашықтықтан семинар өткізді.
Іс-шараның мақсаты – екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау саласында мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің мен жұмысшыларының құзыретін арттыру және алған білімді тәжірибе жүзінде қолдану.
Іс-шараның модераторы ретінде ҚР ҚМ МКК Оқу-әдістемелік орталығы басшысының орынбасары Серик Кенесович Биекенов жұмыс атқарды.
Семинарға тыңдаушылар ретінде экспорттық бақылауды іске асыратын және осы бақылауды әкімшілендіретін аумақтық мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлері қатысты.
Дәріскер ретінде Асылхан Тулеубаевич Айгелов – ҚР ҚМ МКК Ахуалдық орталық басқармасының бас сарапшысы.
Семинарға қатысушылар экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттарымен, экспорттық бақылауға жататын өнімдердің түрлерімен, жүктердегі химиялық заттардың сәйкестендірулерімен, халықаралық қауіптілік белгілерімен, биологиялық қарудың негізгі әрекеті және түрлерімен, ядролық материалдардың түрлерімен және екіұдай мақсаттағы тауарларды анықтау саласындағы басқа да өзекті мәселелермен танысты.
Іс-шара жоспарланған бағдарламаның шеңберінде, дәріскер мен тыңдаушылар арасындағы белсенді қарым-қатынаста сәтті өтті.
Семинардың қорытындысы бойынша тыңдаушыларға біліктілігін сәтті арттыру туралы сертификаттар жіберіледі.