
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРЖЫ МИНИСТРЛІГІ
МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР КОМИТЕТІ
Экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін тергеуден бой тасалаған 22 адам анықталды
2017 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің экономикалық тергеулер қызметімен ТМД елдері мен шетелдік мемлекеттер аумағында (Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Украина, Моңғолия, БАӘ, АҚШ), экономикалық қызмет саласында жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтары үшін тергеуден бой тасалаған 22 адам анықталды.
Көрсетілген адамдардың қылмыстық іс-әрекетімен мемлекетке 10 млр. теңгеден аса залал келтірілді.
Осылай, 2017 жылғы 29 қыркүйекте Ресей Федерациясы, Воронеж қаласында Ресей құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл арқылы экономикалық тергеу қызметі қызметкерлерімен, 2016 жылы Ресей аумағында өз өлімін сахналап көрсеткен және өлген болып танылған Қазақстан Республикасының азаматы Д.А. Лакомкин ұсталды.
Казіргі уақытта, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы көрсетілген тұлғаларды қылмыстық жазаға тарту үшін экстрадициялау бойынша жұмыс жүргізуде.
Ағымдағы жылы шетел мемлекеттерінен бұрын ұсталған 11 Қазақстан Республикасының азаматы экстрадицияланды және депортацияланды.
Жасағаны үшін іздестірілген қылмыстардың негізгі бөлігін, жалған кәсіпкерлік, ұйымдарға салынатын салықтарды төлеуден жалтару, алаяқтық, сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алу немесе ысырап ету, экономикалық контрабанда, заңсыз кәсіпкерлік пен банктік қызмет құраған.
ҚР Қаржы министрлігі
Мемлекеттік кірістер комитетінің
Баспасөз қызметі
(Жеңіс даңғылы, 11)